«А» лигасы. Әр ойында сегіз голдан

0
296
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Өткен турдың орталық кездесуінде «Егемен Қазақстан» былтырғы маусымның вице-чемпионы «Астана ТВ» командасымен кездескен. Бірінші турдағы сылбыр ойыннан кейін Адлет Құсайынов жігіттерін жігерлендіре алыпты. Оның үстіне, Алматыдан Ернұр Досжанов, Қарағандыдан Нұрмұхамед Байсүгіров келіп, командасы тіптен күшейе түскен. Есепті де бірінші болып солар ашты. Бесінші минутта әдемі ойнатылған бұрыштамадан кейін Адлет Құсайыновтың қақырата тепкен добы рикошет арқылы қақпаға кіріп кетті. Дегенмен, «егемендіктер» еңсе түсірген жоқ. Жауапты жылдам берді. Әсіресе, екі Бекболат аянбады. Әбдікерім покер жасаса, Кәрібай бір гол соғып, жеңісті командасына жұлып әперді. Қорытынды есеп – 5:3, «Астана ТВ» сапынан Нұрмұхамед Байсүгіров пен Қанат Такиров бір-бір голдан соқты.

«Хабар» мен «Қазмедиа» арасындағы ойынды да тартысты болады деп ешкім күтпеген. Иә, чемпиондардың құрамы жұлдызды. Бірақ, Нұрсұлтан Құрмансыз ойындарында береке аз екен. Қызмет бабымен ойынға қатыса алмаған команда жетекшісі матчтан кейін нәтижені естіп, басын бір шайқап алған шығар. Ал ойын расымен де өте тартысты өтті. «Қазмедиа» да қалысқан жоқ. Құмарбек Азат барын салды. Екі «кішкентай» Батырбек Қазбек пен Нұрбол Тұрсынбаев та «Хабардың» қорғанысына тыныштық бермеді. Қақпада Мирас Қайырхан керемет сейвтерімен көзге түсті. Ершат Қожатаев та «Оскарға» лайық өнер көрсетіп, көрермендердің көңілін көтерумен болды. Команда капитаны Марғұлан Ибраев та қосалқы құрамда отырып, дер кезінде командаластарына су жеткізіп отырды. Алайда, өкініштеріне қарай, тәжірибелері жетіспеді. «Чемпиондықтың дерті» қандарына әбден сіңіп қалған «хабарлықтар» Нұрсұлтан Қабылбек пен Әлішер Келгенбайдың дублі арқасында қоржындарына үш ұпай салды. Қорытынды есеп – 3:2.

«National Geographic Qazaqstan» мен «Спорт 59» командалары арасындағы ойын да текетіреске толы болды. Екеуі де «В» лигасынан көтерілген. Бір-бірінің әлсіз және мықты тұстарын өте жақсы біледі. Жақсы маусымдағы ойындары да тартысқа толы болған. Бұл жолғысы да үмітті ақтады. Ойынды «Спорт 59» сәтті бастағанымен екінші таймның соңына таман «Табиғат жыршылары» Бекзат Сайназар мен Нұрәлем Жалғасұлы соққан голдардың арқасында таразы басын теңестіріп алды. Бірақ, тең есепті ұстап қалуға шамалары жеткен жоқ. Олжас Күлтешов пен Данияр Бекжановтың тепкен доптарын қақпашы Арай Ізбай қайтара алмады. Қорытынды есеп – 6:4, «Спорт 59» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Ал турдың ең ірі есебі «Qazaq radiolary» мен «Kazaknews.kz» арасындағы матчта тіркелді. «В» лигасының қола медалін жеңіп алған «Kazaknews.kz» «А» лигасының ауыртпашылығын бірден сезінді. Өткен турда да 2:8 есебімен ойсырай жеңілген. Бұл жолы да қарсыластарының сегіз голына бір ғана тура соққымен жауап бере алды. Дегенмен, тәжірибе осындай мықты қарсыластармен ойнау арқылы келетінін олар да жақсы түсінетін шығар.

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here