Қақпашы – Райымбек ҚОЙШЫБЕКТЕГІ (Qsport.kz)
Бірінші турда қақпасына бірде-бір гол жібермеген бір ғана кипер бар. «Қаламгерге» қарсы кездесуде «Qsport.kz» қақпашысы Райымбек Қойшыбектегі өз міндетін керемет атқарып шықты. Командаластарын жақсы басқарып, шабуылдарды сәтті бастап жатты.
Қорғаушылар – Алмас ЗИЯТОВ (ДИиК МО РК) пен Еламан ӘМІРҒАЗЫ (Qsport.kz)
Дебютанттардың қорғаушысы бірінші турда гол соққан жоқ. Есесіне, командасының басты қозғалтқыш күші болып, «Мазмұндаманың» шабуылшыларын тырп еткізбегені былай тұрсын, өз командасының барлық шабуылдарының ұйытқысы болды.
«Qsport.kz» қақпасының голдан құрғақ қалуы қақпашының ғана емес, қорғаушы, әрі капитан Еламан Әмірғазының да арқасы. Радиода эфирді қалай жүргізсе, алаңда да сондай жауапты екен. Алдымен әріптестерінің гол соғуына мүмкіндік жасап, матчтың аяқталуына екі минут қалғанда өзі де әдемі голмен матчқа нүктесін қойды.
Шабуылшылар – Ернар САТАНОВ (Elorda aqparat) пен Бейімбет МОЛДАҒАЛИ (Хабар 24)
Жазғы маусымда үзіліс алған «Elorda aqparat» қысқы біріншілікке тыңғылықты дайындықпен келіпті. Командасын жақсы ойыншылармен күшейтіпті. Солардың бірі Ернар Сатанов «QAZSPORT» командасының қақпасына алты гол соқты. Енді осы қарқынынан таймаса, сұрмергендер тізімінде оған ешкім жете қоймас.
«Aiqyn-Литер» оңай шағылар жаңғақ емес, негізі. Бірақ, Бейімбет Молдағалидің қатарынан соққан екі голынан кейін еңселері түсіп қалды. Ал «Хабар 24» шабуылшысы мұнымен тынышталған жоқ. Екінші таймның белортасында хет-трик авторы атанды.
Резерв
Қақпашы – Қанат БАЗЫЛХАН (Мазмұндама).
Қорғаушылар – Айхан ҒАЛЫМҰЛЫ (Elorda aqparat), Рауан ОМАРХАНОВ (Хабар 24).
Шабуылшылар – Николай КРУЖАЛЬСКИЙ (ДИиК МО РК), Олжас ЖАҚЫПБЕК (Qsport.kz).
БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:
БАҚ лиганың ресми суы – TURAN
БАҚ лига VII маусымының серіктестері:
«Halva» кафесі, Life football дүкені