Қақпашы – Айбек ҚАБЫЛША (Хабар)
Іс-сапармен Мадридке барып, «Сантьяго Бернабеу», «Ванда Метрополитано» стадиондарынан қанаттанып қайтқан Айбек Қабылша «Спорт 59»-ға қарсы кездесуде Ян Облактан кем тұрған жоқ. Руслан Тәуірше, Олжас Күлтешов бастаған жігіттердің біраз соққыларына тойтарыс берген «Хабардың» бірінші нөмірлі кипері нағыз бабында екенін дәлелдеді.
Қорғаушылар – Ержан ӘМІРХАНОВ (National Geographic Qazaqstan) пен Нұрсұлтан Құрман (Хабар)
«Қаламгерден» «National Geographic Qazaqstan» командасына ауысқанда ешкім ержан Әмірхановты бірден негізгі құрамнан орын алады деп ойлаған жоқ. Дегенмен, «Азаттық» агенттігінің операторы бірінші ойында-ақ гол соғып, әріптестеріне екі нәтижелі пас шығарып берді.
Капитандықты әріптесіне беріп, жейдесіндегі нөмірін ауыстырғанымен Нұрсұлтан Құрман әлі де «Хабардың» басты көшбасшысы. Бірінші турда да соны дәлелдеді. Әріптестерінің бәрін алға жіберіп, қорғанысқа жалғыз өзі жауап берген Нұрсұлтан өзі де алаңнан голсыз қайтпады.
Шабуылшылар – Азамат ЖАНДАРБЕКОВ (Егемен Қазақстан) пен Бекнұр НҰРМАҒАМБЕТ (Qazaq radiolary)
Турдың ең тартысты матчы «Егемен Қазақстан» мен «Қазмедиа» арасында өтіп, «егемендіктер» Азамат Жандарбеков соққан голға дейін 0:2 есебімен жеңіліп жатты. Жандарбековтың голынан кейін ойындарына жан кіріп, таразы басын теңестірді. Ал кездесудің аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Азамат командасына жеңіс сыйлады.
Маусымаралық үзілісте «Qazaq radiolary» командасын керемет күшейтті. Өзге ұжымдардан біраз үздіктерді жинап, нағыз чемпиондық құрам жасақтады. Алайда, көшбасшысы өзгермепті. «Астана ТВ»-ға қарсы кездесуде Бекнұр Нұрмағамбет дубль жасап, командасының жеңісіне сүбелі үлесін қосты.
Резерв
Қақпашы – Арай ІЗБАЙ (National Geographic Qazaqstan).
Қорғаушылар – Бақытжан МАСАҚОВ (Qazaq radiolary), Ершат ҚОЖАТАЕВ (Қазмедиа).
Шабуылшылар – Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар), Талғат ҚАЙЫРГЕЛДИН (National Geographic Qazaqstan).
БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:
БАҚ лиганың ресми суы – TURAN
БАҚ лига VII маусымының серіктестері:
«Halva» кафесі, Life football дүкені