«Хабар» командасына чемпиондық жұлдызша табысталды

0
204
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Формаларына чемпиондық жұлдызша орналастыру көптеген кәсіпқой футбол лигаларында бұрыннан бар үрдіс. Ең алғаш кеудесіне символикалық жұлдызшаны 1958 жылы өздерінің 10-шы чемпиондығынан кейін Италияның «Ювентусы» тағып шыққан. 1982 жылы туриндіктердің формасында екінші жұлдыз пайда болды. Дегенмен, чемпиондық жұлдызша тағу дәстүрі әр чемпионатта әрқилы. Мәселен, Қазақстан Премьер-лигасында үш дүркін чемпион атанған команда жейдесіне бір жұлдыз тағуға құқылы. Ресей, Түркия сынды елдердің Лигаларында командалар әр бес чемпиондықтан кейін формаларына бір жұлдыздан орналастыруға құқылы. Ал Әлем чемпионаттарында құрамалар үшін әр чемпиондық бір жұлдызшамен өлшенеді.

Биылдан бастап БАҚ лигада да бес рет чемпион атанған команда формаларына ресми түрде жұлдызша тағуға құқық алады. VII маусымның ашылу салтанатында “Хабар” командасына БАҚ лиганың алты дүркін чемпионы ретінде бірінші символикалық жұлдыз табысталды.

Естеріңізге сала кетейік, «Хабар» командасы БАҚ лиганың алты дүркін чемпионы және екі рет Журналистер кубогын жеңіп алған.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here