Отбасылық халал кафе санатына жататын HALVA елордамыздың оң жағалауындағы Күйші Дина көшесінде орналасқан. Мұнда сізді әуезді музыка, жайлы орындар мен сыпайы даяшылар күлімдеп қарсы алады. Түскі кешендік астар да қарастырылған. Ас мәзірі мен бағасы да көз қуантады. Сондай-ақ, бизнес өкілдері үшін ресми және бейресми келіссөздер жүргізуге де таптырмас орын. Бұдан бөлек, арнайы банкет залы да бар.
Биыл БАҚ лигаға серіктес ретінде қосылған HALVA кафесі әр турдан кейін турдың үздік ойыншыларына арнайы сертификаттар табыстап отырады. «А» лигасының үздігі үшін 5 000 теңгенің сертификаты қарастырылса, «В» лигасының дүлдүлі үшін 3 000 теңгелік жеңілдік бар.
Айта кетейік, 1-ші турдың қорытындысы бойынша «В» лигасының үздігі деп «Elorda aqparat» командасының ойыншысы Ернар Сатанов танылса, «А» лигасында «Qazaq radiolary» командасының капитаны Бекнұр Нұрмағамбетов үздік атанды.
HALVA кафесінің мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Күйші Дина көшесі, 13.