«В» лигасы. Үздіктер іріктеле бастады ма?

0
364
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Алаңға алдымен «Мазмұндама» мен ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі шықты. БАҚ лига дебютанттары маусымға өте тыңғылықты дайындалыпты. Қарсыластары 15 минут бойы қорғаныста сауатты ойнағанымен бірінші таймның соңына таман екі гол соғып, жағдайларын жеңілдетіп алды. Үзілістен кейін де тыным тапқан жоқ. Егер «Мазмұндама» қақпашысы Қанат Базылханның жанкештілігі болмағанда есеп бұдан да зор болар еді. Дегенмен, дебютанттар үшін 7:3 есебі де өте жақсы нәтиже.

Ал қосамжарлана өткен ойында «Qsport.kz» командасы «Қаламгердің» қақпасына жауапсыз алты гол соқты. Олжас Жақыпбек хет-трик авторы атанса, Азамат Смағұлов пен Еламан Әмірғазы бір-бір голды еншілеріне жазды. Ал тағы бір голды өз қақпасына «Қаламгердің» жаңа ойыншысы Қайыржан Салыбаев соғып алды. Осылайша алғашқы турда 6:0 есебімен жеңіске жеткен «Qsport.kz» маусымдағы дәмесінің зор екендігін сездірді.

«А» лигасынан түсіп қалған «Хабар 24» төменгі дивизионда уақытша жүргенін дәлелдегісі келді. Қарсыласы – «Aiqyn-Литер». Олар да әбден дайындалған. Құрамын да күшейткен. Дегенмен, тәжірибе тағы да жетіспеді. Бірінші таймда-ақ қақпаларында бес гол тулап жатты. Рас, өздері де қос гол соқты. Қасарысып бақты. Намысқа тырысты. Әсіресе Қуанышхан Сапарбаев пен Әлішер Мұқажанның тандемі таңғалдырды. Әйтсе де, ойындарында әлі де шикілік бар екен, 3:8 есебімен жеңіліп қалды.

Ал ең ірі есеп «Elorda aqparat» пен «QAZSPORT» арасындағы ойында тіркелді. Бір-екі маусым демалыс алғандары болмаса, екеуі де БАҚ лигамен жақсы таныс. «Elorda aqparat»-тың жеткен жетістіктері де аз емес. «В» лигасын жеңіп алды, «А» лигасында күмісті де, қоланы да еншіледі. Егер өткен маусымда үзіліс алмағанда қазір де кемі жүлделі орындардан дәмелі болар еді. Ал дебют «Elorda aqparat» үшін өте сәтті өтті. Есеп 10:1.

БАҚ лига VII маусымының басты ұйымдастырушысы:

«Елорда ақпарат» агенттігі.

БАҚ лиганың ресми суы – TURAN

БАҚ лига VII маусымының серіктестері:

«Halva» кафесі, Life football дүкені

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here