Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.
Естеріңізге сала кетейік, өткен маусымның қорытындысы бойынша, «Қазмедиа А» командасы 280 800 теңге берешек, ал «Еуразия+ОРТ» командасының 150 мың теңге қарызы бар. Сондықтан, қарыздары толық өтелмейінше, аталмыш командалар БАҚ лига біріншілігіне жіберілмейді.
Ал осы ұжымдардың ойыншыларын өз сапына қосуға ниет білдірген қандай да бір команда Ұйымдастыру комитетіне команда қарызының 10 пайызын төлеуі тиіс. Яғни, «Қазмедиа А» командасының ойыншысы үшін 10 пайыздық төлем 28 080 теңгені құраса, «Еуразия+ОРТ» командасының ойыншысы үшін 10 пайыздық өтем 15 мың теңгені құрайды.
Сондай-ақ, BAQ league Ұйымдастыру комитеті «Qazaq radiolary» мен «Спорт 59» командаларына да өткен маусымнан қалған қарыздарын өтеу қажеттігін ескертеді.
Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.