«ТURAN» – БАҚ лиганың VII маусымдағы ресми суы

0
486
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

1991 жылы іргетасын қалаған «Азия Су Компаниясы» 1996 жылдан бастап «ТURAN» брендімен минералды ауыз суын шығарумен айналыса бастады. Қазақстандағы «TURAN» саудалық атауы бар су еліміздің өте сирек, әрі құрамындағы аз мөлшерде дейтерийлі ЖЕҢІЛ су. Сондай-ақ, оның құрамында құнды макро және микроэлементтер бар. Бүгінде «TURAN» брендімен ЖЕҢІЛ су Ресей Федерациясына да тұрақты таралады.

Естеріңізге сала кетейік, БАҚ лиганың келесі маусымы «Астана ақшамы» мен «Вечерняя Астана» газеттерінің 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылады. Маусым 24 қарашада басталып, 2020 жылдың сәуір айына дейін жалғасады. Біріншілікке 16-18 команда қатысады деп күтілуде. Өткен маусымның қорытындысы бойынша, биыл «А» лигасында «Хабар», «Астана TV», «Qazaq radiolary», «Егемен Қазақстан», «Ел арна», «Қазмедиа В», «Спорт 59», «Kazaknews.kz» командалары ойнауға мүмкіндік алса, «В» лигасында «Хабар 24», «Қазмедиа», «National Geographic Qazaqstan», «Мазмұндама», «Қаламгер», «Qsport.kz», «Еуразия+ОРТ», «№1 Sportchannel» және «Аiqyn-Литер» командалары доп тебеді. Әлбетте, тізімде өзгерістер болуы мүмкін. Біраз команда атауын өзгертуі ғажап емес. Мәселен, «№1 Sportchannel» командасы «QAZSPORT» арнасы болып шықпақ. Сондай-ақ, біріншілікке «Elorda aqparat» командасы қайта оралып, ҚР Қорғаныс министрлігінің Баспасөз қызметі дербес команда құруда.

Ойындардың барлығы Назарбаев университеттің Спорт кешенінде өтеді. БАҚ командаларынан өтініштер 18 қарашаға дейін қабылданады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here