VII маусым «Астана ақшамы» және «Вечерняя Астана» газеттерінің 30 жылдықтары аясында өтеді

0
930
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Елордада басылып, барша республикаға таралатын қазақ тілді басылым – «Астана ақшамы» газетінің алғашқы саны 1990 жылдың 13 қазанында жарық көрген. Әуелі «Ақмола ақиқаты» ретінде аптасына бір рет оқырмандарына жол тартып отырған басылым 1998 жылдың қаңтарынан бастап «Ақмола ақшамы» атанып, кейінірек «Астана ақшамы» атауымен күллі Республикамызға қоғамдық-саяси газет ретінде таралды. Бүгінде аптасына 3 рет шығатын «Астана ақшамы» оқырмандарға қаланың тыныс-тіршілігін, алған асулары мен жеткен жетістіктерін жеткізіп қана қоймай, ел руханиятындағы, халық тағдырындағы өзекті мәселелерге үн қосатын мазмұны байыған, ойы кемелденген басылымға айналды. Газеттің орыс тілінде жарық көретін сыңары «Вечерняя Астана» басылымы да өзінің он мыңдаған аудиториясы бар, кемелді ақпарат ресурсына айналған. Қос газет келесі жылдың қазанында 30 жылдық мерейтойын атап өтеді. Меншік-иесі «Elorda aqparat» ЖШС мерейтойдың мерекелік шараларын қазірден бастап кетті.

Шаралардың бірі ретінде Ұжымның басшылғы БАҚ лиганы таңдап отыр. Айналдырған үш жылдың ішінде журналистердің «тимбилдингіне» айналған БАҚ лиганың келесі маусымы «Астана ақшамы» мен «Вечерняя Астана» газеттерінің 30 жылдықтары аясында ұйымдастырылады. Маусым 24 қарашада басталып, 2020 жылдың сәуір айына дейін жалғасады. Біріншілікке 16-18 команда қатысады деп күтілуде. Өткен маусымның қорытындысы бойынша, биыл «А» лигасында «Хабар», «Астана TV», «Qazaq radiolary», «Егемен Қазақстан», «Ел арна», «Қазмедиа В», «Спорт 59», «Kazaknews.kz» командалары ойнауға мүмкіндік алса, «В» лигасында «Хабар 24», «Қазмедиа», «National Geographic Qazaqstan», «Мазмұндама», «Қаламгер», «Qsport.kz», «Еуразия+ОРТ», «№1 Sportchannel» және «Аiqyn-Литер» командалары доп тебеді. Әлбетте, тізімде өзгерістер болуы мүмкін. Біраз команда атауын өзгертуі ғажап емес. Мәселен, «№1 Sportchannel» командасы «QAZSPORT» арнасы болып шықпақ. Сондай-ақ, біріншілікке «Elorda aqparat» командасы қайта оралып, ҚР Қорғаныс министрлігінің Баспасөз қызметі дербес команда құруда.

Ойындардың барлығы Назарбаев университеттің Спорт кешенінде өтеді. БАҚ командаларынан өтініштер 18 қарашаға дейін қабылданады.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here