Волейболдан БАҚ өкілдері арасында Галина Полеваяны қолдауға арналған турнир өтті

0
780
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

«Айқын» газеті, «Егемен Қазақстан» газеті, «Қазақстан» телерадио корпорациясы, «Хабар» агенттігі, «QAZSPORT» телеарнасы, «Elorda aqparat» агенттігі, «Қазконтент» агенттігі, «Қазмедиа» орталығы, «Новая площадь» журналистер құрамасы – еліміздің белді БАҚ-тары қатысқан қайырымдылық турнирі таң әлекеуіммен басталып, қас қарайғанда бір-ақ аяқталды. Барлығы 440 мың теңге жиналып, Галина Полеваяның есепшотына аударылды…

Отандық спорттың дамуына және спорт журналистикасының өркендеуіне орасан еңбегін сіңірген Галина Полевая ұзақ жылдар еліміздің «Қазақстан» және «Хабар» телеарналарында журналистік қызмет атқарған. Жиырма жылдай «Хабар» телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі болып, ел спортының ішкі және халықаралық ареналардағы жетістіктері жайлы тікелей эфирден жаңалықтар таратып отырды. Әлем және Олимпиада ойындары кезінде спортшылар мен жанкүйерлер арасында көпір бола білді. Журналистикадан бөлек, кезінде көркем гимнастикамен де айналысып, спорт шебері атанған.

Өкінішке қарай, 2017 жылы журналистің денсаулығы күрт сыр берді. Алдымен «өз күшімізбен жеңеміз» деп үміттенген Полеваяның отбасы сырқат жайлы ешкімге тіс жармады. Дегенмен дерті асқынып бара жатқан соң көпшіліктің көмегіне жүгінуге мәжбүр. Бүгінде Галина Полевая Түркияда кезекті отадан кейін ем-дом қабылдауда. Алда әлі талай сынақ күтіп тұр.

Осы орайда «БАҚ лига» қоғамдық қорының қолға алуымен волейболдан Галина Полеваяны қолдауға арналған қайырымдылық турнирі өтті. Әртүрлі республикалық БАҚ өкілдерінен құралған 10 команда қатысқан турнирде «Новая площадь» журналистер құрамасы жеңімпаз атанды.

…Генерал Сағадат Нұрмағамбетов атындағы республикалық «Жас Ұлан» мектебінде өткен турнирде 10 команда екі топқа бөлінді. Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша үздік төрттік іріктеліп, жартылай финалда «Новая площадь» командасы «Қазақстан» телерадио корпорациясын жеңсе, «Хабар» «Қазмедиадан» басым түсті.

Финалда да құрамы әртүрлі редакциялардың журналистерінен жасақталған «Новая площадь» өз мықтылықтарын дәлелдеді. Турнирдің бірде-бір матчында ұпайдан шашау шығармаған олар ақтық матчта «Хабарды» 2:0 есебімен тізерлетті. Ал аса тартысты өткен 3-ші орын үшін кездесуде «Қазмедианың» бағы жанып, «Қазақстаннан» айласын асырды.

Турнирдің ұйымдастырылуына зор үлесін қосып, жан-жақты көмектескені үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне зор алғысымызды білдіреміз! Сондай-ақ, Қазақстан волейбол федерациясы да қолдау көрсетті.

Турнирдің хаттамасы

Жартылай финал:

Новая площадь – Қазақстан РТРК 2:0 (25:15, 25:21)

Қазмедиа – Хабар 1:2 (9:15, 19:17, 11:15)

Үшінші орын үшін:

Қазмедиа – Қазақстан РТРК 2:1 (15:12, 12:15, 15:17)

Финал:

Новая площадь – Хабар 2:0 (15:10, 15:6)  

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here