БАҚ лиганың VII маусымына өтініштер қабылдау науқаны басталды

0
295
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Құрметті БАҚ өкілдері!

Қарашаның 24-і күні елордамызда шағын футболдан БАҚ лиганың 7-ші маусымы басталады. Осыған орай, біріншілікке өтініштер қабылдау науқанының басталғанын жариялаймыз.

Журналистер арасындағы BAQ league – футболдан Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының арасындағы тұңғыш толыққанды біріншілік. Байрағын 2016 жылдың 10 желтоқсанында желбіреткен БАҚ лиганың бүгінге дейін алты маусымы өтіп, еліміздің 40-қа жуық Бұқаралық ақпарат құралдары редакцияларынан 500 шамасында журналистер қатысты. Жоба журналистер арасындағы ынтымақтастық пен достықты арттырып, жаңа таныстар табуға жол ашып, редакция ішіндегі татулықты күшейтеді. BAQ league біріншілігіне апта сайын Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Қызылорда, Тараз, Шымкент қалаларының да журналистері келіп қатысады. Бұл Лиганың қарқынды дамып жатқанын және журналистер қауымы арасында маңызының артқандығының белгісі. Оның әр туры республикалық телеарналар арқылы көрермендерге жол тартып, әртүрлі баспасөздерде ойындар жайлы шолулар тұрақты түрде жарияланып тұрады. Бұдан бөлек, өзінің ресми сайты, әлеуметтік желілерде парақшалары да бар.

Енді 2019 жылдың 24 қарашасында Нұр-Сұлтанда шағын-футболдан Журналистер лигасының VII маусымы басталады. 2020 жылдың сәуір айына дейін созылатын қысқы біріншілікке республикалық БАҚ өкілдерінің 18 командасы қатысады деп жоспарлануда.

Өтініштер 2019 жылдың 18 қарашасына дейін қабылданады. Волейболдан Галина Полеваяны қолдауға арналған турнирге қатысқан командалар үшін БАҚ лигада жарна төлеу барысында 7 проценттік жеңілдік қарастырылып отыр. Ал өткен маусымдардан берешектері бар командалар БАҚ лиганың VII маусымына қатыстырылмайды.

Қосымша ақпарат үшін +7 777 734 88 10, baqleague@gmail.com

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here