БАҚ лига Тәртіптік-бақылау комитетінің мәжілісі өтіп, шағын футболдан БАҚ лиганың 2-ші және 3-ші турларындағы мәселелер жайлы бірқатар шешімдер шығарылды.
12-тур
№29. Қазмедиа А – Астана ТВ
БАҚ лига Тәртіптік Регламентіне сәйкес, матчқа қатыспағаны үшін «Қазмедиа А» командасына 15 АЕК (37 875 тг) айыппұл салынды.
Шешім 2019 жылдың 10 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Айыппұл 20 қыркүйекке дейін төленуі тиіс.
Журналистер кубогы
№30. Хабар 24 – Qazaq radiolary
А) Матч барысында ресми өкілге бейәдеп сөздер айтып, алаңнан қуылған «Qazaq radiolary» командасының ойыншысы Нұрбек Жолшыбек (№14) БАҚ лига біріншілігі мен кубогы аясындағы келесі 5 (бес) ойыннан аластатылып, 5 АЕК (12 625 тг) көлемінде айыппұл салынды. Бес матчтық дисквалификацияның 3 (үш) ойыны іс жүзінде, екеуі шартты сынақ түрде өтеледі. Егер сынақ мерзімінде тағы бір тәртіп бұзушылық тіркелсе, ойыншы 6 (алты) айға алаңнан шеттетіледі.
Шешім 2019 жылдың 10 қыркүйегінен бастап күшіне енеді. Айыппұл 20 қыркүйекке дейін төленуі тиіс.
В) Матч барысында қарсыласына агрессиялық әрекет көрсетіп, «Qazaq radiolary» командасының ойыншысы Нұрбол Самат БАҚ лига біріншілігі мен кубогы аясындағы келесі 3 (үш) матчтан аластатылды.
Шешім 2019 жылдың 10 қыркүйегінен бастап күшіне енеді.
BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:
«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.