”А” лигасы. Үміт ақтамаған үздіктер

0
458
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Сонымен, назарларыңызға үміт ақтамаған үздіктердің таңдаулы құрамын ұсынамыз.

Қақпашы – Жасын БІРКЕНОВ (Ел арна).

Чемпиондық команда бір күнде, бір маусымда құрыла салмайды. Бұл уақытпен және тұрақтылықпен келетін нәрсе. «Ел арна» командасының капитаны Жасын Біркенов мұны жақсы түсінді деп ойлаймыз. Ал қақпадағы орнына келер болсақ, Біркеновтің биыл ойыны жүрмеді. Әйтпесе, былтыр дәл осы аренада үздік екендігін дәлелдеген.

Қорғаушылар – Ершат ҚОЖАТАЕВ (Қазмедиа А) пен Нұржан СӘДІРБАЕВ (Ел арна)

Бұған дейін қатарынан төрт маусым БАҚ лиганың үздік қорғаушысы атанып келген Ершат Қожатаев биыл өзіне артылған жауапкершілікті көтере алмады. Командасы қиын сәтке душар болғанда орта жолдан «В» лигасына ауысып кетті.

Бұрындары «Ел арнаның» негізгі ойыншысы болып келген Нұржан Сәдірбаевты биыл қосалқы құрамнан да көрмейтін болдық. Иә, отбасын құрды, шаңырақ көтерді. Жеке өмірінде үлкен өзгерістер орын алды. Осының барлығы Журналистер біріншілігіндегі ойынына әсер еткен де шығар.

Жартылай қорғаушы – Ибраһим ЕРЕНҒАЙЫП (Qazaq radiolary)

Орыс тілді ортада «ожидания и реальность» деген тамаша мем бар. Дәл осы мем Ибраһим Еренғайыпқа да қатысты. БАҚ лиганың алғашқы үш маусымында жасындай жарқылдап екі маусымдық үзілістен кейін қатарға қайта қосылған Ибраһимге командасы үлкен үміт артты. Алайда, жекелеген ойындарда көзге түскені болмаса, біріншіліктің басым бөлігін ұйықылы-ояу өткізді.

Шабуылшылар – Санжар КЕҢЕСОВ (Егемен Қазақстан) пен Қанат ТАКИРОВ (Қазмедиа А)

Санжар Кеңесовті командаға шақырғанда «Егемен Қазақстан» жетекшілері одан «Elorda aqparat»-тағыдай ойын күткен. Алайда, шабуылшы қанша тырысқанымен жаңа командасының негізгі құрамынан орын ала алмады. Бәлкім, өз ұжымына қайта оралғанда бұрынғы Санжарды көре алатын шығармыз.

Былтыр соңғы минуттарда ғана чемпиондықты «Хабарға» беріп қойғаннан кейін көпшілік биыл «Қазмедианы» бұрынғыдан да күшейетін шығар деп күткен. Алайда, команда жанкүйерлерінің үмітін ақтамады. Ал капитаны Қанат Такировтың жігіттерді жігерлендіруге шамасы жеткен жоқ.

Резерв:

Қақпашы – Саят САБЫРБАЕВ (Қазмедиа А).

Қорғаушылар – Талғат ҚАЙРОЛЛА (Қазмедиа А), Асқат ҚАРАҚОЙШИЕВ (Ел арна).

Жартылай қорғаушы – Аян ӘБДУӘЛИ (Егемен Қазақстан).

Шабуылшылар – Бақытжан МАСАҚОВ (Ел арна), Жандос МАНАШЕВ (Қазмедиа А).

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here