”Мыңнан тұлпар” немесе VI маусымның таңдаулы құрамы анықталды

0
436
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

БАҚ лиганың VI маусымы аяқталып, үздіктерді қорытындылайтын кез келді. Назарларыңызға команда капитандары мен өкілдері арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша түзілген Журналистер біріншілігі «А» лигасының өткен маусымдағы таңдаулы құрамын ұсынамыз.

Қақпашы – Дмитрий ПОКИДАЕВ (Астана ТВ)

Дмитрий Покидаев осымен үшінші маусым БАҚ лиганың үздік қақпашысы атанып отыр. Бұған өткен маусымда «В» лигасының үздік кипері болғанын да қосыңыз. Биыл да Покидаев өзінің теңдессіз қақпашы екендігін дәлелдеп, «Астана ТВ» командасының күміспен күптелуіне зор еңбек сіңірді.

Қорғаушылар – Бимухамед БУКЕЕВ (Ел арна) пен Ернұр ДОСЖАНОВ (Астана ТВ)

Бимухамед Букеев аталмыш номинацияны ұзақ күтті. Тіпті, өзін дәлелдеу үшін «Хабардан» кетуге де мәжбүр болды. Ақыры еңбегі лайықты бағаланып, команда капитандары мен жетекшілері оны осы маусымның «Үздік қорғаушысы» деп таныды. Алайда, рас, бұл оның үздік маусымы емес. «Ел арна» бар болғаны 5-ші орыннан көрінді. Бірақ, Букеев қолынан келгеннің бәрін жасады.

Кім біледі, егер маусым ортасында төрт-бес турды жіберіп алмағанда команда капитандары мен жетекшілері «Үздік қорғаушы» деп Бимухамед Букеевті емес, Ернұр Досжановты тануы мүмкін бе еді?.. Өткен маусымда «Астана ТВ» сапына ауысып, қорғаныс шебін күшейткен Ернұр шабуылда да өте пайдалы еді. Оның әдемі пастарының арқасында Сергей Надточей мен Ратмир Әубәкір үздік сұрмергендер тізімінен ойып тұрып орын алды.

Жартылай қорғаушы – Еркебұлан АЛДАБЕРГЕН (Егемен Қазақстан)

Еркебұлан Алдабергенді көпшілік «Егемен Қазақстанның» бағына да, сорына балайтыны жасырын емес. Қос тараппен де келісуге болады. Дегенмен, биыл 94-ші нөмірлі ойыншы қорғаныста да, шабуылда да үлгеріп жатты. Голдарының санын 16-ға жеткізіп, үздік сұрмергендер тізімінде тек «The best» Әлішер Келгенбайға жол берді.

Шабуылшылар – Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар) мен Дәурен ЖОЛДАСОВ (Qazaq radiolary)

Әлішер Келгенбай – «The best». Басқа теңеу жоқ. Үздік сұрмерген, үздік шабуылшы және үздік ойыншы номинацияларын жеңіп алған Әлішер Келгенбай әлі талай маусым бізді өзінің әдемі сальтоларымен қуанта береді деп сенеміз.

Маусым алдында «Ел арнадан» «Qazaq radiolary»-на ауысқан Дәурен Жолдасов жаңа командасына бірден үйренісіп кетті. Бәлкім, бұрын бірге ойнағандықтары да себеп болған шығар, әйтеуір алғы шепте ойқастап жүрді. Сараңдық та танытқан жоқ. Әріптестерін де әдемі пастармен жарылқап жатты. Осылайша командасының үздік үштіктен көрінуіне зор септігін тигізді.

Резерв:

Қақпашы – Хасан ТАШЕНОВ (Хабар 24).

Қорғаушылар – Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар), Ер-Ұлан НҰРЛАНОВ (Ел арна).

Жартылай қорғаушы – Шыңғыс ЕРҒАЛИЕВ (Хабар).

Шабуылшылар – Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар), Сергей НАДТОЧЕЙ (Астана ТВ).

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here