Шағын футболдан Журналистер біріншілігінің «А» лигасында команда капитандары мен өкілдерінің кімдерге дауыс бергендері белгілі болды.
Естеріңізге сала кетейік, BAQ league ережесіне сәйкес, үздіктерді анықтайтын сауалнамаға әр командадан екі ойыншыдан қатысқан болатын. Олар әр номинация бойынша үш үздікке дауыс берді. Бірінші орынға қойған ойыншысы 3 ұпай еншілесе, екінші орынға қойған номинант 2 ұпайға ие болып, үшінші орындағы үздіктің қоржынына бір ұпай салынды. Тек өз командасының ойыншысына дауыс беруге болмайтын.
Нәтижесінде барлық номинанттардың дауыстары саналып, әр номинация бойынша үздіктер анықталды.
Назарларыңызға Журналистер біріншілігі «А» лигасының үздіктерін ұсынамыз:
Үздік сұрмерген – Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар) 20 гол
Үздік қақпашы – Дмитрий ПОКИДАЕВ (Астана ТВ)
Үздік қорғаушы – Бимухамед БУКЕЕВ (Ел арна)
Үздік шабуылшы – Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар)
Үздік ойыншы – Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар)
Кімнің кімге дауыс бергендерін мына кесте арқылы білуге болады.
BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:
«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.