Команда капитандары мен вице-капитандарының арасында жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша Журналистер біріншілігі «В» лигасының үздіктері мына ойыншылар:
Айта кетейік, БАҚ лигада сұрмергеннен басқа үздіктерді қатысушылардың өздері анықтайды. Ереже бойынша сауалнамаға Ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен бөлек, әр командадан екі адамнан қатысып, номинанттар арасынан үш ойыншыны таңдайды. Дегенмен, өз командасының ойыншысына дауыс беруге болмайды.
Назарларыңызға Журналистер біріншілігі «В» лигасының үздіктерін ұсынамыз:
Үздік сұрмерген – Нұрәлем ЖАЛҒАСҰЛЫ (National Geographic Qazaqstan) 19 гол
Үздік қақпашы – Қанат БАЗЫЛХАН (Мазмұндама)
Үздік қорғаушы – Тимур АЙТМҰХАНБЕТОВ (Қаламгер)
Үздік шабуылшы – Нұрәлем ЖАЛҒАСҰЛЫ (National Geographic Qazaqstan)
Үздік ойыншы – Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа В)
BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:
«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.