«Қазмедиа В», «Kazaknews.kz» және «Спорт 59» командалары «А» лигасына жолдама алды

0
461
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Соңғы тур «Мазмұндама» мен «Қаламгер» арасындағы кішігірім дербимен басталды. Аталмыш командалардың бір-біріне өшпенділігі болмаса да, екеуі де бір-бірін өз фарм-клубы санайтынын доп тебетін журналистердің бәрі біледі. Бұл олардың осы маусымдағы үшінші кездесуі болатын. Бұған дейін Журналистер кубогының 1/8-финалында «Мазмұндама» 6:4 есебімен жеңіске жеткен. Одан кейін біріншіліктің бірінші кезеңіндегі кездесу 2:2 есебімен тең аяқталған. Бұл жолғысы да тартысты өтетіні анық еді. Иә, расымен де, қос тарап аянып қалмады. Есепті Евгений Акманов ашып, «Қаламгерді» алға шығарғанымен үзіліске санаулы минут қалғанда Әзиз Жұмаділ таразы басын теңестірді. Ал екінші таймда сол сценарий қайталанып, екі рет алға шыққан қарсыластарын «Мазмұндама» екі рет қуып жетті. Онда да соңғы гол 40-шы минутта соғылып, таблодағы көрсеткіш 3:3-ті құрады. Осылайша «Мазмұндама» 2 ұпаймен үздік бестіктен көрінсе, еншісінде жалғыз ұпайы бар «Қаламгер» соңғы орынды меншіктеді.

«Қазмедиа В» екінші кезеңді ұпайдан шашау шығармай аяқтады. «Kazaknews.kz»-пен кездескен. БАҚ лига дебютанттарына екінші орынды иемдену үшін «қазмедиалықтарды» қалайда жеңу қажет болатын. Алайда, Құмарбек Азаттың дублі сайт жігіттерінің сағын сындырып тастады. Есеп – 2:0, «Kazaknews.kz» қола жүлдені қанағат қылды.

Ал екінші орын «Спорт 59» командасына бұйырды. «Қазақ спорты» газетінің намысын қорғайтын аталмыш команда соңғы турда «National Geographic Qazaqstan» ұжымының жігіттерімен кездескен. Екінші орынды иемдену үшін екі командаға да тек жеңіс керек болатын. «Табиғат жыршыларына» үздік үштіктен көріну үшін тең есеп те жеткілікті еді. Бірақ, 5-ші минутта жылдам гол соға алғанымен жеңісті айтпағанда, тең есепті де ұстап қала алмады. 4:2 есебімен жеңіске жеткен «Спорт 59» келесі маусымда «А» лигасында доп тебеді.

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here