«Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығы аясында өткен маусымда бас жүлдені «Хабар» командасы жеңіп алып, алты дүркін чемпион атанды. Екінші орын «Астана ТВ» командасына бұйырса, «Qazaq radiolary» қолаға қол жеткізді.
«Egemen Qazaqstan» әрдайым саламатты өмір салтын насихаттап, спорттық шараларға қатысып келеді. «Egemen Qazaqstan» газетінің 100 жылдығы аясында ұйымдастырылған БАҚ лиганың VI маусымы соның дәлелі. Дәстүрге айналған турнирдің уақыт өткен сайын саны да, сапасы да артып келеді. Ойындар өте тартысты өткеніне куә болдық. Қатарынан алтыншы рет чемпион атанған «Хабар» арнасын, турнирдің кубогын жеңіп алған «Қазақ Радиосын» құттықтаймын. Турнирде жүлдегер болғандар мен барша қатысушыларға ризашылық білдіреміз», – деді «Егемен Қазақстан» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі.
Ал жарысты ұйымдастырушы Әзиз Жұмаділ турнирде ешқандай бұра тартушылық, бұрмалаушылық болмағанын, келесі маусым биылғы жылдың қараша айында қайта басталатынын айтты.
BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:
«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.