№25
В лигасы, Спорт 59 – Қазмедиа В
А) Матч барысында допқа ойнауға мүмкіндігі болмағанына қарамастан қарсыласын арттан шалып, жарақаттау қаупін туғызғаны үшін алаңнан қуылған «Қазмедиа В» командасының ойыншысы Құмарбек Азат (№10) БАҚ лига біріншілігінің алдағы 1 (бір) ойынынан аластатылды.
Шешім 2019 жылдың 24 тамызынан бастап күшіне енеді.
№26
В лигасы, Қаламгер – Kazaknews.kz
Матч барысында екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылған «Kazaknews.kz» командасының ойыншысы Диар Ыдырыс (№3) БАҚ лига біріншілігінің алдағы 1 (бір) ойынынан аластатылды.
Шешім 2019 жылдың 24 тамызынан бастап күшіне енеді.
№27
А) БАҚ лига біріншілігі аясындағы сары қағаздарының саны үшеуге жеткен «Егемен Қазақстан» командасының ойыншысы Еркебұлан Алдаберген (№94) БАҚ лига біріншілігінің алдағы 1 (бір) ойынынан аластатылды.
Шешім 2019 жылдың 24 тамызынан бастап күшіне енеді.
В) БАҚ лига біріншілігі аясындағы сары қағаздарының саны үшеуге жеткен «Ел арна» командасының ойыншысы Бимухамед Букеев (№9) БАҚ лига біріншілігінің алдағы 1 (бір) ойынынан аластатылды.
Шешім 2019 жылдың 24 тамызынан бастап күшіне енеді.
№28
А) БАҚ лига Тәртіптік-бақылау комитетінің 6 тамыз күнгі №16-А және №16-В шешімдеріне байланысты айыппұлдарын төлемегені үшін «National Geographic Qazaqstan» командасын турнир кестесіндегі 6 (алты) ұпайынан айыру туралы шешім шығарылды.
Егер 2019 жылдың 28 тамызына (сол күнді қоса есептегенде) берешектерін өтеген жағдайда Команданың турнир кестесіндегі 6 (алты) ұпайы қайтарылады.
Егер аталмыш мерзімге дейін берешектерін өтемеген жағдайда БАҚ лига Тәртіптік Регламентіне сәйкес Командаға қосымша айыппұл салынады. Егер сонда да шешім орындалмаған жағдайда Команда және оның Мүшелері БАҚ лигадан аластатылып, келесі маусымға қатысу құқығынан айрылады.
BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:
«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.