”Тазға жолыққандар” немесе команданы дұрыс таңдамаған ТОП-10 ойыншы

0
303
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Ол 4 команда: «Еуразия+ОРТ», «Qsport.kz», «№1 Sportchannel» және «Aiqyn-Литер».

Осы орайда “Таңдаған тазға жолығады” деген мақал еске түсіп жатады. Бұл командалардың арасында допты түзу тебетіндер бар. Егер ол ойыншылар басқа команда сапында ойнағанда да, үздіктер қатарында жүретін еді. Ендеше, БАҚ лиганың алтыншы маусымын ерте аяқтаған ТОП-10 ойыншы жайлы сөз қозғап көрсек:

№1. Ерден Құспанов («Еуразия+ОРТ»)

Ерден Құспановты көптен бері осындай нәтижелі ойнағаны көрген емеспіз. «Еуразия+ОРТ» командасымен үшінші-төртінші маусымда да өнер көрсетті. Бірақ қарқыны бұлай болған жоқ. Қыста «Егемен Қазақстанның» қосалқы құрамында отырудан жалығып, соңғы апталарда тіптен келмеген болатын.
Ал биыл көрсеткіші өте жақсы. Бастапқы турларға қатыспаса да, кейіннен гол соғуды жиілетті. Ерден өзі 14 голмен аралық біріншіліктің үздік сұрмергені атанды. Әріптестерін әбден алға сүйреумен-ақ болды. Бірақ, үн қосар басқа ешкім табылмады. Команда 13 ұпаймен «В» лигасында 7-ші орынды иемденіп, финалдық кезеңнен тыс қалып қойды.

Егер қазір трансфер ашылатын болса, Ерденді В лигасының кез келген командасы қатарға қосуы мүмкін.

№2. Берік Уәли («Qsport.kz»)

ҚР Президентінің баспасөз қызметін басқаратын Берік Уәлидың басты артықшылығы «голдың иісін жақсы сезеді». Орысша айтқанда «Голевые чутье  у него в крови» десек артық айтқанымыз емес болар.
Жұмысы қауырт әрі қызметі өскең соң, көп командалар биыл Бекеңе бата алмаған тәрізді…Осылардың арасында шапшаңдық танытып, трансферлік терезеде «Qsport.kz» командасы өз қатарына қосып алды. 4 матчта 5 гол соқты. 42 жастағы шабуылшы өте жақсы нәтиже. Егер, «В» лигасының алғашқы алтылықтағы бір командасында ойнағанда бұдан да көп гол соғуы мүмкін еді.

№3. Ермұхамед Мәулен («Qsport.kz»)

Ермұхамед Мәулен 9 матчта 6 гол соғыпты. Негізі, мүмкіндіктерінің бәрін голға айналдырғанда, көрсеткіші бұдан да жоғары болушы еді. Маусым сайын кемі 1-2 команда ауыстыратын Ермұхамед «Qsport.kz» командасына бауыр басып қалса керек, трансферде де ауысқан жоқ. Енді, өкініп жүрген секілді. Өйткені, әлі де ойнағысы келетін ниетін білдіріп жүр.

№4. Жандос Қонысбаев («Qsport.kz»)

Жандостың ойынын ешкім түсіне қоймайды. Бір қарасаң, қимылы баяу. Бірақ 5 минут алаңға шықса, кемі 2-3 гол соғып кетуге икемі бар. Ол қабілетін «Мазмұндамамен» ойында көрдік.
Бастысы, допты тоқтату, пас беру, соққы жұмсауды жетік берген. Бұл қабілеттерінің арқасында «В» лигасының кез келген командасында ойнауға жарайтыны сөзсіз.

№5. Абылай Ыбырайұлы («№1 Sportchannel»)

«№1 Sportchannel» 9 турда 41 гол жіберген. Егер, капитаны Абылай Ыбырайұлының қасында өзі секілді сенімді қорғаушы болғанда мұндай болмас еді. Абылай «В» лигасындағы таңдаулылардың қатарында. Қорғаныспен қатар шабуылға көмектесуге қабілеті жетеді.

№6. Асқар Турлин («№1 Sportchannel»)

Бойы ұзын Асқар Турлин БАҚ лигадағы ардагерлердің бірі. Тәжірибесі жеткілікті. Біраз команда сапында ойнап тастаған. Кезінде «Қазақ радиосының» да қорғанысына жауап берген. Соңғы турда «Еуразия+ОРТ» қақпасына хет-трик жасады. Асқарды «№1 Sportchannel» болмағанда, «В» лигасының өзге командалары қуана-қуана өз қатарларына қабылдауға әзір деп ойлаймыз.

№7. Нұрбол Тазабек («№1 Sportchannel»)

«В» лигасының тоғызыншы коамндасының үздіктерінің бірі – Нұрбол Тазабек. Негізі, толық ашыла алмады. Егер, барлық ойындарға келіп, жаттығуын үзбесе, командасына көмектесе алар еді. Дегенмен, «№1 Sportchannel» соққан 18 голдың үшеуі осы Нұрболдың еншісінде.

№8. Елбол Кәрімов («Aiqyn-Литер»)

Маусымның дебюттантары сапында өзгелерінен деңгейі жоғары екі ойыншы бар. Оның біреуі – Елбол Кәрімов. Маусымда 8 гол соқты. Егер, Елбол секілді тағы 3 ойыншы болғанда «Aiqyn-Литер» үздіктер қатарында жүрер еді…

№9. Рахат Тұяқбаев («Aiqyn-Литер»)

Рахат маусым ортасында қолын сындырып, кейбір ойындарға қатыса алмай қалды. Әйтпесе, тәп-тәуір ойыншы. Әріптесі Елбол секілді ол да 8 гол соққан. Бұл екеуі алдағы маусымдарда «Aiqyn-Литер» қатыспай жатса, басқа командалар тарапынан шақырту алары сөзсіз.

№10. Қуанышхан Сапарбаев («Aiqyn-Литер»)

Алдынғы екеуімен салыстырғанда Қуанышханның техникалық шеберлігі төмендеу. Сосын сәл жалқаулығы бар. Кей кездері допқа соңына дейін жүгірмейді. Әйтпесе, Шиелінің құмына аунап өскен Сапарбаевтың намысқойлығы, физикалық қабілеті өте жоғары. Қуанышханның ауылынан журналистер арасындағы футболдың талай жарық жұлдыздары шыққан. Мысалы, Ержан Байтілес, Ермек Төрениязов секілді.

Автор: Қисықаяқ ТҮЗУТЕПКЕНОВ

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here