Тәртіптік-бақылау комитеті алты ойыншыға қатысты шешім шығарды

0
373
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

№21

БАҚ лига кубогының ширек финалы, Хабар 24 – Ел арна

А) Матч барысында қарсыласына агрессиялық әрекет көрсетіп, алаңнан қуылған «Хабар 24» командасының ойыншысы Аян Омарқұлов (№24) БАҚ лига біріншілігі мен кубогының алдағы 2 (екі) ойынынан аластатылды.

Шешім 2019 жылдың 16 тамызынан бастап күшіне енеді.

В) Матч барысында қарсыласына агрессиялық әрекет көрсетіп, алаңнан қуылған «Ел арна» командасының ойыншысы Бақытжан Масақов (№10) БАҚ лига біріншілігі мен кубогының алдағы 2 (екі) ойынынан аластатылды.

Шешім 2019 жылдың 16 тамызынан бастап күшіне енеді.

№22

А лигасы, 9-тур. Qazaq radiolary – Астана ТВ

Матч барысында екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылған «Qazaq radiolary» командасының ойыншысы Ержан Жүнісов (№8) БАҚ лига біріншілігінің алдағы 1 (бір) ойынынан аластатылды.

Шешім 2019 жылдың 16 тамызынан бастап күшіне енеді.

№23

А) БАҚ лига біріншілігі аясындағы сары қағаздарының саны үшеуге жеткен «Хабар» командасының ойыншысы Олжас Күлтешов (№4) БАҚ лига біріншілігінің алдағы 1 (бір) ойынынан аластатылды.

Шешім 2019 жылдың 16 тамызынан бастап күшіне енеді.

В) БАҚ лига біріншілігі аясындағы сары қағаздарының саны үшеуге жеткен «Kazaknews.kz» командасының ойыншысы Диар Ыдырыс (№4) БАҚ лига біріншілігінің алдағы 1 (бір) ойынынан аластатылды.

Шешім 2019 жылдың 16 тамызынан бастап күшіне енеді.

№24

«National Geographic Qazaqstan» командасының ойыншысы Арай Ізбайға байланысты дисквалификация мерзімі мен айыппұлды шегеру жайлы аппеляциялық хат қабылданды. Аппеляция жартылай қанағаттандырылып, 3 (үш) матчтық дисквалификацияның 1 (бір) ойыны кешірілді. Ал айыппұл сол күйі қалдырылды.

Шешім 2019 жылдың 16 тамызынан бастап күшіне енеді.

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here