Қақпашы – Нұрбол САМАТ (Qazaq radiolary)
Үш матчтық дисквалификациядан кейін Нұрбол Саматтың бабы келіспей жүргендей көрінген. Алайда, соңғы үш турда «Qazaq radiolary»-ның голкипері қақпасынан «соқыр тышқанды» да өткізер емес. Ал «Астана ТВ»-ға қарсы ойында қақпашы өзінің жанкешті сейвтерінің арқасында командасының жеңісіне сүбелі үлесін қосты.
Қорғаушылар – Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар) мен Бекнұр НҰРМАҒАМБЕТ (Qazaq radiolary)
Өзінің туған күнімен тұс келген ойында Нұрсұлтан Құрман жанкүйерлерін маңызды голмен қуанта білді. Шыны керек, соның голынан кейін ғана «Егемен Қазақстан» ойыншыларының екпіні аздап басылып, арада 6 минут өткенде тағы бір гол жіберіп алды.
Бұған дейінгі екі маусымда «Ағаштар құрамына» ілігумен болған Бекнұр Нұрмағамбет биыл намысқа тырысып жүр. Амплуасын да өзгертіп, қорғанысты мойнына алған. Рас, «Qazaq radiolary»-ның ойыны толығымен Бекнұрға байланып тұр дей алмаймыз. Бірақ, «Астана ТВ»-ға қарсы кездесуде қарсыластарының бірде-бір шабуылын өткізген жоқ.
Жартылай қорғаушы – Абдулла ТӨКЕНОВ (Ел арна)
Матчтың ғана емес, турдың да үздік ойыншысы атанған Абдулла Төкенов расымен де «Ел арна» үшін үлкен ерлік жасады. «Қазмедиа А» командасына қарсы кездесуде командасының ойынын толығымен бір өзі үйлестірген хавбек Бимухамед Букеевтің жоқтығын білдірген жоқ.
Шабуылшылар – Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар) пен Төреби НҰРЛАНОВ (Ел арна)
«Егемен Қазақстан» командасына қарсы ойында есеп ашып, соңында тағы бір гол соққан Нұрсұлтан Қабылбектің дублі «Хабар» командасына кезекті жеңіс сыйлап, турнир кестесінде бірінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.
«Қазмедиа А» командасына қарсы кездесуде «Ел арнаның» үздігі Абдулла Төкенов болғанымен Төреби Нұрлановтың да шеберлігін атап өтпеске болмайды. Сол қапталға толығымен әмірлігін жүргізген шабуылшы қарсыластардың қорғаушыларын әбден шаршатып, өзі де бір гол соқты.
Резерв:
Қақпашы – Азамат НҰРМАТОВ (Хабар).
Қорғаушылар – Ернұр ЖӘМЕЛ (Хабар), Аят ДҮЙСЕМБАЕВ (Ел арна).
Жартылай қорғаушы – Ибраһим ЕРЕНҒАЙЫП (Qazaq radiolary).
Шабуылшылар – Бауыржан ТІЛЕУЛИН (Ел арна), Еламан ЖАРҚЫНБЕК (Qazaq radiolary).
«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:
«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.