«А» лигасы. «Астана ТВ» қай жерден ағат кетті?..

0
314
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Өткен турда «Ел арнадан» 0:3 есебімен ойсырай жеңілген «Астана ТВ» қақпасына бұл жолы «Qazaq radiolary» жауапсыз екі гол соқты. Екі гол да кездесудің екінші таймында соғылды. Алдымен Еламан Жарқынбек есеп ашса, матчтың аяқталуына бес минут қалғанда Ибраһим Еренғайып «астаналықтардың», тіпті тең есепке де қол жеткізу мүмкіндігінен айырды. Жалпы, «Астана ТВ» командасының соңғы ойындардағы сәтсіздігінің себебі неде? Маусымды тамаша бастаған жігіттер қай жерден шалыс басты?

Шыны керек, біріншіліктің бірінші турында «Ел арнаны» 5:2 есебімен ойсырата ұтқанда «Астана ТВ» командасын бірден фавориттер қатарына жатқызғанбыз. Тіпті, «Хабардан» да жоғары қойып, бас жүлдені сол кезде-ақ беріп қойғандар да болған. Иә, расымен де, Әділет Құсайынов биыл командасын керемет жасақтай білді. Өткен маусымда-ақ сапқа қосылған Ернұр Досжановтың қасына «Қаламгердің» басты жұлдызы болған Ратмир Әубәкір, «Спорт 59»-ды өрге сүйреген Нұрмұхамед Байсүгіров сынды жігіттер келді. Сондай-ақ, Сергей Надточей де команданы күшейтіп, әр матчында гол соғып жүрді. Алайда, соңғы екі ойында Надточейді көрген жоқпыз. Команданың басты моторы бола білген сұрмергенсіз «Астана ТВ»-ға да қиын болды. Оның үстіне, қорғаныстың барлық тауқыметін мойнына жүктеген Ернұр Досжанов та алаңға шықпай кетті. Бұл аздай, Әділет Құсайынов та жарақатына байланысты «Qazaq radiolary»-на қарсы алаңға шыққан жоқ. Ал бұған дейін Александр Олейниктің де саптан шығып қалғанын білеміз. Осының барлығы, сайып келгенде команданың деградациясына әкелген секілді. Дегенмен, бұл да басты себеп емес шығар. Маусым басындағыдай емес, командада дицспилинаның жетіспеушілігі байқалатын тәрізді. «Сырт көз – сыншы» ғой, жігіттердің ойындарға кешігіп жүргенін де байқап жүрміз. «Қазір команда жаттығып жүр ме?» деген сұрақтар да туып жүр. Өйткені, «Астана ТВ» әлеуметтік желіде әуелгідей белсенді емес. Әйтеуір, бір шикілік бар. Оны команда капитаны бізден артық түсінеді. Сондықтан, алдағы ойындарда қайта ес жиып, бас жүлде үшін соңына дейін арпалысады деп үміттенеміз.

Өз кезегінде «Хабар» турнир кестесінде қайта бірінші орынға көтерілді. Кеше «Егемен Қазақстанды» үлкен еңбекпен жеңген пентакампеондар матчты 3:1 есебімен аяқтады. Егер екінші таймдағы Нұрсұлтан Құрманның голы болмағанда жағдайлары тіптен қиындай түсуі де ғажап емес еді. Иә, «Егемен Қазақстан» кеше ерлей жаздады. Еркебұлан Алдабергенсіз ойнаған олар көптен көрсетпеген командалық ойын үлгісін ұсынып, қарсыластарын сәт сайын қыспаққа алып отырды. Алайда, чемпиондық рухы басым «хабарлықтар» 32-ші минутта тағы бір гол соғып, екпін алған «егемендіктердің» ентігін басып тастады.

Ал «Ел арна» «Қазмедианы» аяған жоқ. Қанат Такиров пен Жандос Манашевтің голдарына алты тура соққымен жауап беріп, турнир кестесіндегі 3-ші орнын сақтап қалды. Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Жасын Біркенов бастаған жігіттер дәл осы командадан 4:5 есебімен ұтылып қалған. Қарымта айқасын өте сәтті өткізіп, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

«А» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here