Трансферлік терезенің ТОП-10 трансфері

0
330
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

 Сонымен, алтыншы маусымның ТОП-10 трансферіне тоқталып өтсек:

№10. Марлен Бейсебаев («Aiqyn-Литер»)

Өткен айда 43 жасқа толған Марлен Бейсебаевтың физикалық күш қуаты бұрынғыдай емес. Әйтпесе, техникасы талай жастан асып түседі. Осыдан 4 жыл бұрын Мәскеудегі Ресей- Қазақстан журналистері арасындағы жолдастық кездесуде Константин Генич бастаған команданың қақпасына гол соққан шабуылшы трансферлік терезеде «Aiqyn-Литер» командасының қатарын толықтырды. Әзірге еншісінде бір гол бар. Дегенмен, біріншіліктің аутсайдер командасының ауыз толтырып айтатын трансфері Марлен Бейсебаев екені жасырын емес.

№9. Әлібек Ескендіров («Мазмұндама»)

«В» лигасындағы «Мазмұндама» командасы осы маусымда бұрынғы «ДИАП-Қазақстанның» екі бірдей ойыншысын алып алды. Соның ішінде Әлібек Ескендіров әріптестерінің сенімді ақтап жүр. Тіпті, бір рет алтыншы турдың таңдаулыларының қатарына да кірді. Қорғаушы біздің тізімде тоғызыншы орында.

№8. Мәди Ысқақов («Спорт-59»)

Мәди Ысқақовты журналистер лигасына қосқан Дастан Кенжеалин болатын. Нақтырақ айтқанда, алдағы аптада 35 жасқа толатын шабуылшы бірінші маусымда «Жеңіс» командасында ойнаған. Одан кейін үшінші маусымда «Спорт-59» командасының намысын қорғап, 10 гол соқты. Кейіннен «Елорда-Ақпарат» сапында ойнады. Биыл маусымды «Мазмұндамамен» бастағанымен, трансферде «Спорт-59-ға» қайтып барды. Әзірге тек бір ойында гол соққан жоқ. Қалған матчтардың барлығында көзге түсіп жүр.

№6. Бексұлтан Әмірбек («Kazaknews.kz»)

Алматыдағы Сүлеймен Демирел атындағы университеттің журналистика факультетінің түлегі Бексұлтан Әмірбек трансферлік аусымда «Kazaknews.kz» командасының қатарын толықтырды. Маусымның дебюттандары журналистер лигасына тыңғылықты дайындықпен келіпті. Алғашқы маусымда-ақ үздіктер қатарында жүр. Олардың қатарына енді Бексұлтан қосылды. Хавбек келе-сала 4 гол соғып үлгерді. Ендеше, біздің тізімде алтыншы орынға Бексұлтан Әмірбек қосылып жайғасты.

№5. Бекболат Кәрібай («Еегемен Қазақстан»)

Биылғы жылы 100 жылдығын тойлап жатқан ел газеті трансферлік терезеде екі ойыншы қатарға қосты. Бір қызығы, екі ойыншының да есімі –  Бекболат. Екеуі де XXI ғасырда дүниеге келген жасөспірім жігіттер. Оның ішінде №17 нөмірмен ойқастап жүрген Бекболат Кәрібайды ерекше айтуға болады.

Нұрсұлтан Қабылбек, Әлішер Келгенбай секілді «Хабардың» жылдам ойыншыларынан бірнеше рет допты сәтті жұлып алып, қарымта шабуыл бастағанын көрдік. Егер, Бекболат осы қарқынын жалғастыра берсе, «Егемен Қазақстанның» «Каземиросына» айналуы мүмкін.

№4. Олжас Күлтешов, Ербол Кенжебаев («Хабар»)

«Спорт-59» командасының екі бірдей ойыншысы трансферлік ауысымда «А» лигасындағы «Хабардың» қатарын толықтырды. Әзірге бұл екі ойыншының жаңа командасының болашағына қатысты нақты бірдеңе айту қиын. Бірақ деңгейі «А» лигасының ойыншылары екені жасырын емес. Сапарғали Қанат пен Бимухамед Букеевтің орнын толық баспаса да, оларды лайықты түрде алмастыруға қабілеттері жетеді. Сондықтан біздің тізімнің төртінші сатысына орналасты.

№3. Мағжан Жұмабаев («Қазмедиа А»)

 XX ғасырда ұлы ақын Мағжан Жұмабаев «Мен жастарға сенемін» деп жырласа, «Қазмедиа В» командасының менеджері Марғұлан Ибраев  та осы күні «Мен Мағжанға сенемін» деп жүр екен. Бұған дейін «В» лигасындағы «Қаламгер», «Мазмұндама», «№1 Sportchanel» командасында ойнаған Мағжан Жұмабаев осы күні қатары селдіреп қалған «Қазмедиа А» командасының көшбасшыларының біріне айналып шыға келді. Жандос Манашев екеуі жұп құрап, «А» лигасында талай қорғаушылардың мазасын алып жүр. Ендеше, Мағжан Жұмабаев  үштікке лайықты деп санаймыз.

№2. Берік Уәли («Qsport»)

Маусымның дебюттанттарының бірі «Qsport» командасы маркетингке де қатты мән беретін секілді. Команда құрамына журналистика, басшылыққа да жүрген танымал тұлғалардың көбісін қосқан. Трансферлік терезе ашылған шабуылдағы Ермұхамед Мәуленнің қасына ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Берік Уәли қосылды. Бұған дейін «Егемен Қазақстан» газеті мен «Qazaqstan» ұлттық арналарының командаларының намысын қорғап, талай қақпашыны сан соқтырған шабуылшы өзінің әлі де бабында екенін байқатып жүр. Берік Уәли – біздің тізімде екінші орында.

№1. Құмарбек Азат пен Ершат Қожатаев («Қазмедиа В»)

«Қазмедиа» екінші маусым қатарынан журналистер лигасына екі команда қосқан. Трансферлік терезеде команда жетекшілері өзгеше шешім қабылдап, «А» лигасында жүрген БАҚ лиганың төрт дүркін үздік қорғаушысы Ершат Қожатаев пен үшінші және төртінші маусымдардың үздік ойыншысы Құмарбек Азатты «В» лигасына ауыстырып жіберді. Әзірге Ершат бір ғана ойын өткізді. Ал Құмарбек Азат «В» лигасының «Мессиі» болып жүр. Бір өзі 3-4 ойыншы алдап кетіп, әріптестеріне қолмен қойғандай пастар шығарады. Бірақ соның өзің соға алмай жүргендері бар… Сөзсіз, біздің ТОП-10 трансфердің басын Ершат пен Құмарбек бастап тұр.

Автор: Қисықаяқ ТҮЗУТЕПКЕНОВ

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here