№18
А) БАҚ лигадағы жарнаға байланысты берешектерін қайтарғаны үшін «National Geographic Qazaqstan», «Qsport.kz», «Еуразия+ОРТ», «Қазмедиа А», «Қаламгер», «Спорт 59» командаларының бұған дейін шегерілген 3 (үш) ұпайлары қайтарылды.
Шешім 2019 жылдың 10 тамызынан бастап күшіне енеді.
В) БАҚ лигадағы айыппұлдарына байланысты берешектерін қайтарғаны үшін «Спорт 59» және «Хабар» командаларының 3 (үш) ұпайлары қайтарылды.
Шешім 2019 жылдың 10 тамызынан бастап күшіне енеді.
№19
Тәртіптік-бақылау комитетінің 16 шілде күнгі №8-А, №8-В және №10-D шешімдеріне байланысты айыппұлдарын төлемегені үшін 3 (үш) ұпайы шегерілген «Қазмедиа А» командасына қолданылған шара өз күшін сақтап қалды. Команда айыппұлды толығымен 2019 жылдың 15 тамызына (сол күнді қоса есептегенде) дейін өтеуі тиіс.
Егер шешім орындалмаған жағдайда Команда және оның Мүшелері БАҚ лигадан аластатылып, келесі маусымға қатысу құқығынан айрылады.
№20
БАҚ лиганың VI маусымына қатысу жарнасын төлемегені үшін турнир кестесіндегі 3 (үш) ұпайы шегерілген «Қазмедиа В» командасына қолданылған шара өз күшін сақтап қалды. Команда жарнаға байланысты берешегін толығымен 2019 жылдың 15 тамызына (сол күнді қоса есептегенде) дейін өтеуі тиіс.
Егер шешім орындалмаған жағдайда Команда және оның Мүшелері БАҚ лигадан аластатылып, келесі маусымға қатысу құқығынан айрылады.