Журналистер кубогы – 2019. Ширек финал ойындары өтті

0
417
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

«Тарлан-Арена» стадионының алаңына алдымен «Астана ТВ» және «Qsport.kz» командалары шықты. Алғашқысы чемпиондықтан басты үміткер командалардың бірі, «Qsport.kz» «В» лигасында алтылық үшін арпалысып жүрген ұжым. Әлбетте, әлеуеттері бір-біріне сәйкес келмейтіні әу бастан түсінікті еді. Алайда, аутсайдер статусына қарайтын олар ма, алғы шепте екі шабуылшымен ойнады. Берік Уәлимен жұп құрған Ермұхамед Мәулен «астаналықтардың» қорғанысын әбден піскіледі. Нәтижесінде бір гол соқты. Рас, авторы – Диас Балмағамбет. Бірақ, қос шабуылшының да еңбегі ерен. Өз кезегінде «Астана ТВ» жеті тура соққымен жауап берді. Николай Кружальский хет-трик жасап, Әлішер Өмірхақ дубль авторы атанды. Сондай-ақ, ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Дарын Шеңгелбай мен «QAZSPORT» телеарнасының комментаторы Эльдар Аманбаев еншілеріне бір-бір голдан жазды. Қорытынды есеп – 7:1, «Астана ТВ» алғашқы жолдаманың иесі.

Одан кейін «Хабар 24» пен «Ел арна» арасындағы триллерді тамашаладық. Қызметтік бабтарына байланысты «Ел арнаның» бірнеше негізгі ойыншысы іс-сапарға кетіп, матчқа қатыса алған жоқ. Нәтижесінде, Бимухамед Букеев капитан ретінде бастап шыққан жігіттер қосалқы құрамсыз ойнауға мәжбүр болды. Ал ойынның 15-ші минутында қырсық шалғандай, басты шабуылшысы Бақытжан Масақов алаңнан қуылып, жағдайлары мүлдем қиындады. Рас, «Хабар 24» сапынан да Аян Омарқұлов қызыл қағаз алған. Бірақ, олардың бұл тұрғыда уайымы жоқ еді. Өйткені, қосалқы құрамда бір-бірін алмастыра алар тағы бірнеше ойыншылары отырды. Осылайша, «Хабар» агенттігінің драмамен өткен дербиінде «Хабар 24» 5:3 есебімен жартылай финалға жолдама алды.

Жартылай финалдың үшінші жолдамасы «Qazaq radiolary» жігіттеріне бұйырды. «В» лигасының тағы бір өкілі «Мазмұндамадан» «емтихан қабылдаған» олар қарсылас қақпасына жауапсыз жеті гол соқты. Дегенмен, басты күшін ертеңгі «В» лигасының маңызды кездесуіне сақтауды жөн көрген «Мазмұндама» бұл ойында аса қатты тырыспады да. «Радиолықтардың» бас айналдырар дриблингтеріне бас шайқап қана жүрді. Бір жағынан «Qazaq radiolary» да аса тер шығармады. Бір аяқтарын байлап қойса да ұтатындықтарын біліп, шамаларын өлшеп ойнады.

Ал ширек финалдың «match day» ойыны «Хабар» мен «Қазмедиа А» арасында өтті. Иә, келісеміз, қазір «Қазмедиа» бұрынғыдай айбарлы емес. Құрамы селдіреп қалған. Өзара ауызбіршіліктің де жетіспеушілігі байқалады. Бірақ, қанша дегенмен, БАҚ лиганың бір рет күмісін, бір рет қоласын жеңген. Биыл да бір жүлдеден әлі де дәмелі. «Хабарға» қарсы жақсы дайындалғандықтары да көрініп тұрды. «Пентакампеондарға» қарсы 35 минут бойы тең ойнап, матч соңында ғана тізгінді қарсыластарына беріп қойды. Шаршағандары да сезілді. Жүгіруден қалып, «Хабардың» төрт нәтижелі шабуылын өткізіп қойды. Қорытынды есеп – 5:1, «Хабар» да өз қарсыластарын күтіп, жартылай финалға дайындалады.

Сонымен, жартылай финалдың жеребесі ертең сағат 19:00-де «Ел арна» мен «Қазмедиа А» кездесуінің қарсаңында өтеді.  

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here