Қақпашы – Арай ІЗБАЙ (National Geographic Qazaqstan)
Амплуасын өзгерткелі Арай Ізбай «таңдаулы құрамнан» түспейтін болды. «№1 Sportchannel» командасына қарсы ойында да NGQ қақпашысы өз міндетін тамаша атқарды. Алайда, ойын соңына таман жүйкесі сыр беріп, алаңнан қуылды. Енді осы жайт маусым соңында капитандардың дауыс берулеріне әсер етпесе болғаны.
Қорғаушылар – Әлібек ЕСКЕНДІРОВ (Мазмұндама) пен Бексұлтан ӘМІРБЕК (Kazaknews.kz)
«Қаламгерге» қарсы кездесуді «Мазмұндама» кем құрамда бастап, бірінші таймның қорытындысы бойынша 0:2 есебімен жеңіліп жатты. Алайда, екінші таймда екінші таймда сауаттырақ ойнап, қателікке бой алдырған жоқ. Ал ойын соңына таман Әлібек Ескендіровтің тамаша бастаған шабуылының арқасында таразы басын теңестіріп, бір ұпайды жұлып алды.
Карусель тектес өткен «Qsport.kz» – «Kazaknews.kz» кездесуі тең аяқталуы да ғажап емес еді. Алайда, Бексұлтан Әмірбектің дублі дебютанттарға үш ұпай әперіп қана қоймай, турнир кестесінде бірінші орынға шығарды.
Жартылай қорғаушылар – Батырбек ҚАЗБЕК (Қазмедиа В)
«Aiqyn-Литер» командасына қарсы ойында «Қазмедианың Мессиі» Батырбек Қазбек дубльден бөлек, алаң ортасында да өте белсенді болып, қорғаныста да, шабуылда да пайдасын тигізіп жатты.
Шабуылшылар – Ерден ҚҰСПАНОВ (Еуразия+ОРТ) пен Маханбет ӘНУАРБЕКҰЛЫ (National Geographic Qazaqstan)
«Еуразия+ОРТ» командасын алға сүйреуден шаршамайтын Ерден Құспанов «Спорт 59» қақпасына да хет-трик жасап, өз ұжымына тағы да жеңіс сыйлады. Қазір оның еншісінде 12 гол және алдағы матчтарда да голдарымен қуантатына сенімдіміз.
«№1 Sportchannel» қақпасына гол соғу ерлік емес шығар. Бірақ, бес гол соғу үлкен еңбек екені айқын. Нұрәлем Жалғасұлының доптары нысанаға дөп жетпей жатқанда сұрмергендік міндетті өз мойнына алған Маханбет Әнуарбекұлы пента-трик жасады.
Резерв:
Қақпашы – Абзал ЧАПАЕВ (Мазмұндама).
Қорғаушылар – Тимур АЙТМҰХАНБЕТОВ (Қаламгер), Еламан ӘМІРҒАЗЫ (Qsport.kz).
Жартылай қорғаушылар – Талғат ҚАЙЫРГЕЛДИН (National Geographic Qazaqstan).
Шабуылшылар – Батырбек ҚАЗБЕК (Қазмедиа В), Дамир УСКЕМБАЕВ (Қаламгер).
BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:
«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.