”А” лигасы. Сегізінші турдың таңдаулы құрамы жасалды

0
455
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Нұрбол САМАТ (Qazaq radiolary)

Алтыншы маусымның бірінші турында «Qazaq radiolary» күтпеген жерден «Хабар 24»-тен жеңіліп қалған болатын. Қарымта кездесу оңай болады деп күтілген. Бірақ, «хабарлықтардың» да қарқыны қатты еді. Шабуылын еш толастатқан жоқ. Алайда, Нұрбол Самат өте қырағылық танытып, қақпасын құрғақ алып шықты.

Қорғаушылар – Бимухамед БУКЕЕВ (Ел арна) пен Нұрбол ЖОЛШЫБЕК (Qazaq radiolary)

Сегізінші турдың орталық кездесуінде «Ел арна» командасы «Астана ТВ» ойыншыларымен кездесті. Рас, Букеев гол соққан жоқ. Бірақ, «Ел арнаның» бүкіл ойынын өз мойнына алып, әріптестерін алға жетелеумен болды. Алаңның кез келген нүктесінен табылып, әр доп үшін соңына дейін таласты.

Нұрбол Жолшыбектің ойынын бастан-аяқ бірінші рет тамашаладық. «Qazaq radiolary» командасын күшейте алатын жап-жақсы ойыншы екен. «Хабар 24»-ке қарсы кездесуде қорғанысқа ғана көңіл бөліп қоймай, алға бір барып қайтты да, өте маңызды гол соқты.

Жартылай қорғаушы – Еркебұлан АЛДАБЕРГЕН (Егемен Қазақстан)

Кем құрамда ойнағанына қарамастан «Егемен Қазақстан» командасына қарсы кездесуді «Қазмедиа А» тамаша өткізді. Шабуылда да ширақтық танытып, «егемендіктерді» біраз еңбектенуге мәжбүр етті. Дегенмен, Еркебұлан Алдабергеннің алаң ортасындағы сауатты ойыны қарсыластарының барлық жоспарын жоққа шығарды. Ал Жомартұлының өзі матчта екі гол соқты.

Шабуылшылар – Азамат ЖАНДАРБЕКОВ (Егемен Қазақстан) пен Бақытжан МАСАҚОВ (Ел арна)

БАҚ лигадағы көзге көп түсе бермейтін шабуылшылардың бірі – Азамат Жандарбеков. Алайда, 6-шы нөмірлі сұрмергеннің жасыл алаңдағы пайдасы шаш етектен. «Қазмедиа А» командасына қарсы кездесуде де Азамат өзі бір голмен қанағаттанып, әріптестерін әдемі пастарымен жарылқады.

«Астана ТВ» командасының қақпасына үшінші голды соққан Бақытжан Масақовтың «Ел арнаның» жеңісіне қосқан еңбегі ерен. 40 минут бойы дамыл таппаған шабуылшы қарсыластарының қорғаушыларын әбден шаршатып, соңында өзі де болдырып, тәтті тердің дәмін татты.

Резерв:

Қақпашы – Жасын БІРКЕНОВ (Ел арна).

Қорғаушылар – Нұрахмет БЕКТҰРҒАНОВ (Хабар 24), Ернат ҚАНТАЕВ (Қазмедиа А).

Жартылай қорғаушы – Мағжан ЖҰМАБАЕВ (Қазмедиа А).

Шабуылшылар – Төреби НҰРЛАНОВ (Ел арна), Ержан ЖҮНІС (Qazaq radiolary).

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here