Қақпашы – Арман АҚШАБАЕВ (Қаламгер)
Биылғы маусымның басты ашылуларының бірі – Арман Ақшабаев. «Қаламгер» қақпашысы «Спорт 59»-ға қарсы кездесуді тамаша өткізіп, қарсыластарының барлық соққыларына тойтарыс берді. Шыны керек, сол ойында «Қаламгердің» фавориттерді жеңуінің бірден бір себепкері Ақшабаев болды.
Қорғаушылар – Дәурен БЕРІКҚАЖЫ (National Geographic Qazaqstan) мен Мейірлан РАХАНОВ (Мазмұндама)
Арай Ізбай қақпаға тұрғалы «National Geographic Qazaqstan» командасының ойын жүйесі толығымен өзгерген секілді. Бұрын шабуылда ойнайтын Дәурен Берікқажы кейінгі кездері қорғаныс шебінде ойқастап жүр. Бірақ, шабуылшылық инстинкті сақталып қалыпты. Алғы шепке шығып, гол да соғып жүр. Мәселен, 7-турда «Aiqyn-Литер» қақпасына дубль жасады.
«Мазмұндаманың» оң қапталын толығымен иелігіне алған Мейірлан Раханов «Qsport.kz»-ке қарсы ойында командасын жеңілістен құтқарып қалды. Оның дублі «Мазмұндамаға» жеңіс сыйлауы да ғажап емес еді, алайда соңғы секундтарда команда концентрациясын жоғалтып алды.
Жартылай қорғаушы – Жандос ҚОНЫСПАЕВ (Qsport.kz)
«Мазмұндамаға» қарсы ойында Жандос Қоныспаевтың жылдам хет-тригі ойын сценариін мүлдем басқа арнаға бұрып жіберді. Одан кейін алаң ортасына ойысқан Абумуталифұлы әріптестерін әдемі пастарымен қамтамасыз етіп отырды.
Шабуылшылар – Нұрбол ТҰРСЫНБАЕВ (Қазмедиа В) пен Нүркен ТОҚМУРЗИН (Қаламгер)
Биыл Нұрбол Тұрсынбаев ойыншы ретінде жақсы өсті. «№1 Sportchannel» хет-трик жасап, әріптестерін де паспен қамтамасыз етумен болды. Дәл қазір оның еншісінде 6 гол бар.
«Спорт 59»-ға қарсы матчта «Қаламгер» 0:1 есебімен ұтылып жатты. Алайда, Нүркен Тоқмурзин таразы басын теңестіріп қана қоймай, ойынның соңғы минутында командасының жеңіс голын соғып та кетті.
Резерв:
Қақпашы – Арай ІЗБАЙ (National Geographic Qazaqstan).
Қорғаушылар – Тимур АЙТМҰХАНБЕТОВ (Қаламгер), Бекзат САЙНАЗАР (National Geographic Qazaqstan).
Жартылай қорғаушы – Олжас ЖАНАСБАЕВ (Kazaknews.kz).
Шабуылшылар – Ерден ҚҰСПАНОВ (Еуразия+ОРТ), Нұрәлем ЖАЛҒАСҰЛЫ (National Geographic Qazaqstan).
BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:
«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.