”А” лигасы. Жетінші турдың таңдаулы құрамы түзілді

0
318
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Дмитрий ПОКИДАЕВ (Астана ТВ)

«Астана ТВ» командасына қарсы ойында «Qazaq radiolary» қорғанысқа жатып алған жоқ. Есепті теңестіру үшін тек шабуылдаумен болды. Алайда, барлық соққыларына Дмитрий Покидаев тойтарыс беріп жатты. Расымен де, біз бұл ойында бұрынғы Покидаевты қайта көріп, әр сейвіне тамсанумен болдық.

Қорғаушылар – Ернұр ЖӘМЕЛ (Хабар) мен Бекнұр НҰРМАҒАНБЕТ (Qazaq radiolary)

Ернұр Жәмел көз алдымызда өсіп келеді. «Егемен Қазақстан» командасына қарсы өткен кездесуде Нұрсұлтан Құрманмен бірге қорғаныста жұп құрған Ернұр қарсыластарының шабуылын өткізбей, өзі де алғы шепке жиі шығып тұрды. Тіпті, гол да соқты.

«Qazaq radiolary» командасының капитаны «Астана ТВ»-ға қарсы ойынды дұрыс қоя білген секілді. Қарсыластарын алаң ортасынан күтіп алып жатты. Ал ұтылып жатқанда барлық әріптестерін алға жіберіп, қорғанысқа жалғыз өзі жауап берді.

Жартылай қорғаушы – Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар)

«Хабардың» әр маусым алға сүйрейтін бір ойыншысы болады. Биыл ол – Әлішер Келгенбай. «Егемен Қазақстан» командасына қарсы кездесуде де Әлішер әріптестерін алға сүйреп, қорғаныста да, шабуылда да пайдалы болды. Ал оның жылдам екі голы «хабарлықтарды» еркін сезінуге мүмкіндік берді.

Шабуылшылар – Жандос МАНАШЕВ (Қазмедиа А) пен Төреби НҰРЛАНОВ (Ел арна)

«Ел арнаға» қарсы матчты «Қазмедиа А» қосалқы құрамсыз өткізді. Сондықтан болар, матч бойы қарсыласының толассыз шабуылдарына төтеп беріп, әбден шаршады. Дегенмен, қиын-қыстау сәтте командасын өрге сүйреген Жандос Манашев төзімді екен 40-шы минутта жеңіс голын соғып, «Қазмедиа А»-ға үш ұпай әперді.

Ал «Ел арнада» шабуыл шебіне бұл ойында Төреби Нұрланов жауап берді. Әдетте қорғаныс шебінде ойнайтын Төреби бұл жолы алға атойлап, қарсылас қақпасын екі рет тура көздеді. Бірақ, өкініштеріне қарай, оның дублі «Ел арнаға» жеңіс әпермеді.

Резерв:

Қақпашы – Нұрбол САМАТ (Qazaq radiolary).

Қорғаушылар – Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар), Ернұр ДОСЖАНОВ (Астана ТВ).

Жартылай қорғаушы – Еркебұлан АЛДАБЕРГЕН (Егемен Қазақстан).

Шабуылшылар – Нұрмұхамед БАЙСҮГІРОВ (Астана ТВ), Нұрсұлтан ҚАБЫЛБЕК (Хабар).

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here