«В» лигасы. Финалдық кезеңге кімдер шығар екен?

0
296
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Үміті біржола сөнгендер

«Aiqyn-Литер». БАҚ лига дебютанттарының маусымды ерте аяқтайтыны бұған дейін-ақ белгілі болып қойған еді. Ойындары өрнекті болғанымен қоржындарына әлі бір ұпай салмаған «Aiqyn-Литер» өткен демалысты да сәтсіз аяқтап, алдымен «National Geographic Qazaqstan»-нан, одан кейін «Қазмедиа В» командасынан ұтылды. Енді соңғы турда «Қаламгермен» кездеседі. Жеңіске жетуі неғайбыл, бірақ олардың тілеуін бір емес, төрт команда тілеп отыр.

«№1 Sportchannel». Маусымды ерте аяқтайтын тағы бір дебютант – «№1 Sportchannel». Олар осы маусымда алдымен «Мазмұндамамен» тең түсіп, одан кейін турнир кестесіндегі көршілері «Aiqyn-Литерді» жеңе алды. Басқа сәтті ойыны жоқ. Енді соңғы турда «Еуразия+ОРТ» командасымен кездеседі.

Жолдама мәселесін шешіп қойғандар

«Қазмедиа В». Үш-ақ ойында жеңілді. Дегенмен, біреуінде үш ұпайды қайтарып алды. Ал трансферлік кезеңде Ершат Қожатаев және Құмарбек Азат сынды саңлақтармен күшейіп, содан бері ұпай жоғалтқан жоқ. Соңғы турда олар «Qsport.kz»-пен кездеседі.

Kazaknews.kz. Дебютанттардың ішінде ең жақсы ойнап келе жатқаны – Kazaknews.kz. Маусым барысында «National Geographic Qazaqstan»-нан ғана ұтылған Доған Йылдыз бастаған команда өткен демалыста еншілеріне төрт ұпай жазды. Алдымен «Еуразия+ОРТ» командасымен тең түссе, кеше «Qsport.kz» жігіттерін 3:2 есебімен тізе бүктірді.

National Geographic Qazaqstan. Финалдық кезеңде ұпайлардың 0-ге теңесетінін білетін «Табиғат жыршыларының» да көңілі тоқ. Өткен демалыс аутсайдерлермен кездесіп, екі ірі жеңістің арқасында 6 ұпай алған «National Geographic Qazaqstan» соңғы турда «Мазмұндамамен» кездеседі.

Үш жолдама бес үміткер

Еуразия+ОРТ. Маусымды өте сәтсіз бастап, қатарынан үш ойында жеңілген «Еуразия+ОРТ» қалған матчтарда естерін жиып, 13 ұпаймен турнир кестесінде 4-орынға көтерілді. Өткен демалыста «Kazaknews.kz»-пен тең ойнап, кеше азулы «Спорт 59»-ды тізе бүктірген. Ендігісі өз қолдарында. Соңғы турда «№1 Sportchannel» командасымен кездеседі.

«Қаламгерге» де ешкімге қарайламай, соңғы турда өз ойынын жеңу керек. Егер «Спорт 59»-ға қарсы шыққандай жігермен ойнаса, онда олардың алмайтын қамалдары жоқ. Оның үстіне, қарсыластары да аса қарымды емес, «Aiqyn-Литермен» ойнайды. Оларды тең нәтиже де қанағаттандырады.

Спорт 59. Олжас Күлтешов пен Ербол Кенжебаев «Хабарға» кетіп, құрамы селдіреп қалған «Спорт 59» өткен демалыста екі ойында да ұтылды. Алдымен «Қаламгердің» алдында қауқарсыздық танытса, кеше күтпеген жерден «Еуразия+ОРТ» командасынан опық жеді. Енді соңғы турда маусым фавориттерінің бірі «Kazaknews»-пен кездеседі. Финалдық кезеңге жолдама алу үшін өздері де жеңіп, басты бәсекелестерінің ұтылғанын күту керек.

Мазмұндама. Маусымның ең ынтымақшыл командасы бесінші кездесуін тең аяқтады. Сенбіде «Qsport.kz»-пен «серіктестік» орнатып, кеше «Қаламгермен» ұпай бөлісті. Дегенмен, бұған дейін соңғы секундтарда өз қақпаларына гол жіберіп алып жүрген болса, кеше соның есесін қайтарып, өздері 0:2-ден таразы басын теңестірді. Соңғы тур «Мазмұндама» үшін оңай болмайын деп тұр. Көшбасшылардың бірі «National Geographic Qazaqstan» командасымен кездеседі. Қалайда жеңу керек және кем дегенде «Спорт 59»-дың сүрінгенін күту қажет.

Qsport.kz. Финалдық кезеңге теориялық тұрғыда жолдама алуға «Qsport.kz» командасының да мүмкіндігі бар. Бірақ, соңғы турда турнир кестесінің көшбасшылары «Қазмедиамен» кездесетінін ескерсек, жағдайлары жақсы емес екенін өздеріңіз де түсінесіздер. Оның үстіне, өздеріп жеңіп қана қойған аз. «Мазмұндама», «Спорт 59» және «Еуразия+ОРТ» командаларының да ұтылғанын тілеу керек.

«В» лигасының хаттамалық бөлімімен мына сілтеме бойынша танысуға болады.

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here