Әділет ҚҰСАЙЫНОВ – “Астана ТВ” ойыны Надточейге байланып қалған жоқ

0
1195
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

– Әділет, 2:2 есебіне қаншалықты көңіліңіз толады?

– Бәлкім, біреуге ұнар, біреуге ұнамас, бірақ, бұл факт – таблода 2:2 есебі тіркелді және мұның өзі матчтың қаншалықты текетіреске толы болғандығын көрсетеді. Иә, біздің жеңгіміз келді. Бес дүркін чемпиондарды ұту – бәрінің мақсаты ғой. Біз де соны қаладық. Алайда, бұйырғаны тең нәтиже. Енді қай мықтыны екінші айналымда анықтаймыз. БАҚ лиганың қазіргі форматының бір жақсы жері осы – екінші айналым бар. Жалпы, өз басымызға келер болсақ, «Хабармен» жасыл алаңда көп жағдайда ұпай бөлісіп қалып жатамыз. 2017 жылдың жазында да дәл осындай ойын болған. Бұл жолы да сол сценарий қайталанып жатыр. Міне, БАҚ лига көпшілікке осындай қызықтарымен ұнайды.

– Қалай ойлайсыз, егер алаңда Сергей Надточей болғанда «Хабарды» жеңе алар ма едіңіздер?

– Сіздер де жазып жатырсыздар, басқалар да айтып жатыр – «Сергей Надточей келіп, «Астана ТВ» жеңіске жетті» дегенді біз де үнемі естіп жүрміз. Өкінішке қарай, «Хабармен» болған ойынға қатыса алмады. Бірақ, бір нәрсені айта кетейінші, бұған дейін басқа командаларда да кәсіпқой деңгейдегі футболшылар болған. Қазір де БАҚ лигада футболмен кәсіпқой деңгейде айналысқан ойыншылар жетерлік. Біз оларға ештеңе деп жатқан жоқпыз ғой. Бастысы, бұқаралық ақпарат құралдарына қатысы бар жігіттер. Қайта ойын көркін қыздырып жатыр. Біздің қатарымызға Сергей Надточей қосылып, жеңіске жетуімізге көмектесіп жатыр. Дегенмен, егер статистиканы дұрыстап қарайтын болсаңыздар, біз жеңіске жеткен ойындардан Надточейдің голдарын алып тастағанның өзінде қарсыластарымызды жеңіп тұрмыз. Сондықтан, «Астана ТВ» ойыны Сергей Надточейге байланып қалған жоқ. Оның үстіне, біздің командамыздың басты күші – бірлік пен жаттығуларда. Біз жазғы маусымға дайындықты сонау көктемнен бастап кеткенбіз.

– Егер «Астана ТВ» биыл БАҚ лига чемпионы бола алмаса, сіздер үшін қаншалықты трагедия болмақ?

– Білмеймін, айту қиын. Иә, трагедия болмасы анық. Бірақ, біз бұған дейін бір рет чемпиондықты соңғы сәтте уысымыздан шығарып алғанбыз. Қазір соны қайталағымыз келмейді. Өйткені, жігіттердің де сағы сынып қалуы мүмкін. Дегенмен, бір жағынан, егер чемпиондықтан айрылып қалып жатсақ, біз үшін екі есе мотивация болуы да ғажап емес. Бәрі уақыттың еншісінде ғой. Ал биылғы мақсатымыз – қалайда чемпион болу.

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here