”В” лигасы. Алтыншы турдың таңдаулы құрамы түзілді

0
341
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Арай ІЗБАЙ (National Geographic Qazaqstan)

«Спорт 59» командасына қарсы ойын «National Geographic Qazaqstan» командасына оңай болған жоқ. Жылдам екі гол соғып алған «табиғат жыршылары» барынша қорғанып бақты. Егер қақпадағы Арай Ізбайдың жанкешті сейвтері болмағанда, «Спорт 59» таразы басын теңестіріп қана қоймай, жеңісті жұлып алуы да ғажап емес еді.

Қорғаушылар – Бексұлтан ӘМІРБЕК (Kazaknews.kz) пен Әлібек ЕСКЕНДІРОВ (Мазмұндама)

“Kazaknews.kz” командасына қарсы матчта «Мазмұндама» қысымды қатты күшейтті. Алайд, трансферлік терезеде қосылған Бексұлтан Әмірбектен өту оңай болған жоқ.

Дегенмен, «Мазмұндама» сапындағы қорғаушы Әлібек Ескендіровтің де ерлігін ескергеніміз жөн шығар. Қорғаныста ғана сауатты ойнап қоймай, алғы шепте де өзі бастаған керемет шабуылды әдемі голмен түйіндеді.

Жартылай қорғаушы – Құмарбек АЗАТ (Қазмедиа В)

«А» лигасында аздап шау тарта бастағанымен Құмарбек Азат «В» дивизионында нағыз жұлдыз екен. Рас, «Қаламгер» қақпасына гол соққан жоқ. Есесіне, әріптестерін әдемі пастарымен жарылқаумен болды.

Шабуылшылар – Ерден ҚҰСПАНОВ (Еуразия+ОРТ) пен Берік УӘЛИ (Qsport.kz)

«Aiqyn-Литер» командасына қарсы ойын «Еуразия+ОРТ» үшін оңай болған жоқ. Бірінші таймның қорытындысы бойынша 1:3 есебімен ұтылып жатты. Ал үзілістен кейін тізгінді өз қолына алған Ерден Құспанов өзінің дублімен қарсыластарының сағын сындырып, ойынның төртінші ширегінде тағы бір гол жіберуге мәжбүр етті.

БАҚ лигаға трансферлік маусымда қосылған Берік Уәли «Qsport.kz»-ті тамаша күшейтті. Әр матч сайын еншісіне гол жазып жүр. Ал «№1 Sportchannel» командасына қарсы ойында сұрмерген өзі де гол соғып, шабуылдағы әріптесі Ермұхамед Мәуленді де нәтижелі паспен жарылқады.

Резерв:

Қақпашы – Райымбек ҚОЙШЫБЕКОВ (Qsport.kz).

Қорғаушылар – Ермек ТӨРЕНИЯЗОВ (National Geographic Qazaqstan), Ершат ҚОЖАТАЕВ (Қазмедиа В).

Жартылай қорғаушы – Олжас КҮЛТЕШОВ (Спорт 59).

Шабуылшылар – Ермұхамед МӘУЛЕН (Qsport.kz), Айдос АТАГЕЛЬДИЕВ (Қазмедиа В).

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here