”А” лигасы. Алтыншы турдың таңдаулы құрамы жасалды

0
432
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Хасан ТАШЕНОВ (Хабар 24)

«Қазмедиа А» командасын 4:2 есебімен жеңгенімен «Хабар 24»-ке бұл ойын оңай болған жоқ. Өткен маусымның вице-чемпионы барынша шабуылдады. Тыным тапқан жоқ. Алайда, соңғы кезде қақпа кілтін өз қолына алған Хасан Ташенов тартысқа толы текетіресті өз командасының пайдасына шешті.

Қорғаушылар – Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар) мен Бимухамед БУКЕЕВ (Ел арна)

«Астана ТВ» командасына қарсы кездесуде жылдам гол жіберіп алғаннан кейін «Хабар» тайлы-тұяғымен шабуылға шығып, қорғанысты Нұрсұлтан Құрманның жалғыз өзіне қалдырды. Капитан жауапкершілікті жақсы сезінді. Ал алғы шептегі әріптестері гол соға алмай жатқанда шаруаға өзі араласып, таразы басын теңестірді.

Дәл сондай мінездемені Бимухамед Букеевке де беруге болады. Бүгінде «Ел арнаны» өрге сүйреп жүрген Бимухамед «Qazaq radiolary»-на қарсы матчта қарсыластарына бір секунд та еркіндік бермеді. Сары қағаз алып та үлгерді, гол соғуға да шамасы жетті.

Жартылай қорғаушы – Аслан МЫҢБАЕВ (Хабар 24)

Әдетте байқала бермейді, бірақ Аслан Мыңбаев өте пайдалы ойыншы. Техникасының жетіспеушілігін зор еңбекпен жабатын, әрі намысқой футболшылардың бірі. Биыл жақсы өскен. «Қазмедиа А» командасына қарсы кездесуде хавбек шабуылда да, қорғаныста да үлгеріп жатты.

Шабуылшылар – Дәурен ЖОЛДАСОВ (Qazaq radiolary) пен Нұрмұхамед БАЙСҮГІРОВ (Астана ТВ)

Дәурен Жолдасов биылғы маусымда әлі толық өз бабына келе қойған жоқ. Алайда, «Ел арнаға» қарсы кездесуде сұрмерген барынша көсілді. Егер оның екі голы болмағанда ойын барысы мүлдем басқаша сценарийде өрбуі ғажап емес еді.

«Хабар» және «Астана ТВ» текетіресінде «астаналықтарды» жеңілістен құтқарып қалған Нұрмұхамед Байсүгіров Айбек Қабылша қақпасына әдемі гол соқты. Ойын барысында да «хабарлықтардың» қорғаушыларын әбден шаршатып, командасына тең нәтиже сыйлады.

Резерв:

Қақпашы – Айбек ҚАБЫЛША (Хабар).

Қорғаушылар – Назар НАЙЗАБЕКОВ (Qazaq radiolary), Ернұр ДОСЖАНОВ (Астана ТВ).

Жартылай қорғаушы – Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар).

Шабуылшылар – Бақытжан МАСАҚОВ (Ел арна), Николай КРУЖАЛЬСКИЙ (Астана ТВ).

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here