Қақпашы – Саят САБЫРБАЕВ (Қазмедиа А)
Рас, «Астана ТВ»-ға қарсы ойында Саят Сабырбаев қақпасынан 6 гол алып шығуға мәжбүр болды. Алайда, «Қазмедиа А» қақпашысы жарты сағат бойы қарсыластарының қарқынды шабуылдарына жалғыз өзі төтеп беріп, оққа кеудесін тосқан «Ұлы отан» соғысының жауынгеріндей барлық соққыларды қайтарып жатты. Өкінішке қарай, әріптестері шаршап, Саятты «жауға» тіптен жалғыз қалдырып қойды. Әйтпесе, жап-жақсы ойнаған еді.
Қорғаушылар – Еркін БЕКТЕНОВ (Астана ТВ) пен Рауан ОМАРХАН
Әділет Құсайынов биыл командасын БАҚ лигаға дайындағанда бірінші кезекте қорғанысқа көңіл бөлген секілді. Қай ойыншысын алсаң да, дайын тұрған Серхио Рамос екеніне көз жеткізесің. «Қазмедиаға» қарсы ойында Еркін Бектенов ерекше көзге түсті.
Біреулер Рауан Омархановты бұрынғыдай емес дейді, біреулер шау тартқанын айтады. Алайда, Рауан Омархан биыл таңдаулы құрамға екінші рет ілігіп отыр. «Егемен Қазақстанға» қарсы ойында бірде-бір қарсыласын өткізбей, қақпадағы Хасан Ташеновтің сенімді серігі бола білді.
Жартылай қорғаушы – Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар)
«Qazaq radiolary»-ның қақпашысы Нұрбол Самат бұл ойыншыны әлі күнге қорқынышты түсінде көріп, шошып оянатын шығар. Расымен де, 5-ші турда Әлішерді тоқтату мүмкін болмады. Өзі де хет-трик жасап, әріптесі Асқар Хамиденді де нәтижелі пастармен жарылқап отырды.
Шабуылшылар – Асқар ХАМИДЕН (Хабар) мен Николай КРУЖАЛЬСКИЙ (Астана ТВ)
Шыны керек, «Qazaq radiolary» мен «Хабар» арасындағы кездесуде көпшілігі ТВ жігіттері жеңіледі деп ойлады. Алайда, Асқар Хамиденнің голынан кейін барлық күмән сейіліп, «хабарлықтардың» жеңісіне бәс тіге бастағандар көбейді. Ал шабуылшы мұнымен тоқтамай, еншісіне хет-трик жазды.
Сергей Надточей жоқ кезде оның орнын басатын «Астана ТВ»-да басқа сұрмерген бар екен. Рас, «Қазмедиа А» Ернұр Досжановтың голынан кейін біржола сынып қалды. Алайда, оларды өзінің дублімен ауыр нокаутқа жіберген дәл осы Николай Кружальский болатын.
Резерв:
Қақпашы – Айбек ҚАБЫЛША (Хабар).
Қорғаушылар – Нұрсұлтан ҚҰРМАН (Хабар), Ернұр ДОСЖАНОВ (Астана ТВ).
Жартылай қорғаушы – Аслан МЫҢБАЕВ (Хабар 24).
Шабуылшылар – Бейімбет МОЛДАҒАЛИ (Хабар 24), Нұрмұхамед БАЙСҮГІРОВ (Егемен Қазақстан).
BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:
«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.