”А” лигасына ауысуға лайық Төменгі топтың ТОП-10 үздік ойыншысы

0
482
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Ескерту: Бұл рейтингке «А» лигасынан «В» лигасына келген Құмарбек Азат, Ершат Қожатаев сияқты және «В» лигасынан «А» лигасына өтіп үлгерген Олжас Күлтешов, Ербол Кенжебаев секілді, сондай-ақ, жарақаттары мен қызмет бабтарына байланысты маусым соңына дейін БАҚ лигадан тыс қалған Рахат Тұяқбаев, Елдар Қуаныш сынды ойыншылар кірген жоқ.

№10. Әбдіманап КЕҢЕС (Kazaknews.kz)

Амплуа: шабуылшы

Жасы: 23

Қызметі: Kazaknews.kz сайтының тілшісі

«В» лигасында гол соғу оңай деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Ойын нәтижелеріне қарап көріңізші, матчтардың көбі 2:0, 2:2 сынды есептермен аяқталып жатады. Ал маусымның жаңа есімдерінің бірі Әбдіманап Кеңестің әр ойында қанжығасы майланып жүр. Барлығы 8 голмен сұрмергендер тізімінде де үздіктер қатарында келеді. Тіпті, Қанат Базылханның да қақпасынан саңылау тапқан. Тек «National Geographic Qazaqstan» ғана оның голдарынан аман қалыпты.

№9. Мағжан ЖҰМАБАЕВ (№1 Sportchannel)

Амплуа: шабуылшы

Жасы: 22

Қызметі: QAZSPORT телеарнасының ПТС инженері

БАҚ лигадағы карьерасын «Қаламгерде» бастап, кейін «Мазмұндамада» жалғаған Мағжан Жұмабаев қазір «№1 Sportchannel» командасында. Барған жерінде ұжымының үздігі болып жүрген шабуылшы биыл да әріптестерін алға сүйреп-ақ жүр. Бірақ, «жалғыздың аты шықпас» деген рас екен, әзірге бүкіл ауыртпашылықты көтеріп жүргенімен бір өзіне қиын болып тұр.

8. Руслан ТӘУІРШЕ (Спорт 59)

Амплуа: шабуылшы

Жасы: 23

Қызметі: «7 арна» телеарнасындағы «Өз ойым» бағдарламасының қонақ редакторы

Руслан Тәуірше өз мықтылығын бұған дейінгі маусымдарда-ақ дәлелдеп қойған. Еуразия Ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі үшінші маусымда «Асыл арнаның» намысын қорғап, былтыр «Qazaqstan» командасында доп тепті. Ал қазір 6 голмен «Спорт 59»-дың үздік сұрмергені.

7. Арай ІЗБАЙ (National Geographic Qazaqstan)

Амплуа: қорғаушы

Жасы: 30

Қызметі: National Geographic Qazaqstan журналының жауапты редакторы

БАҚ лига тарихындағы алғашқы ҮЗДІК ҚОРҒАУШЫ Арай Ізбай Журналистер біріншілігінің бірінші маусымында қола жүлдегер атанған. Одан кейін біраз команда алмастырғанымен әзірге үздік жетістігін қайталай алған жоқ. Ал соңғы екі маусым National Geographic Qazaqstan журналын өзі бастап БАҚ лигаға қосып жүр. ТОП ойыншы болғандықтан рейтингке қосып отырмыз. Әйтпесе, оның дәл қазір ат басындай алтын берсең де өзге командаға бармасы анық.

6. Елбол КАРИМОВ (Aiqyn-Литер)

Амплуа: қорғаушы

Жасы: 23

Қызметі: «Литер» газетінің журналисі

Көш соңында келе жатқан «Aiqyn-Литер» командасында жақсы ойыншылар өте көп. Алайда, команда ретінде тәжірибе жетіспей жатыр. Қорғаныста ойнай жүріп, шабуылға сәтті қосылатын Ербол бүгінге дейін еншісіне 6 гол жазып үлгерді. Нәтижесінде көрерменнің көзайымына айналып, жакнүйерлерді «Бұл кім? Бұрын жоқ еді ғой» дейтіндей жағдайға жеткізді.

5. Асқар МҰХТАРОВ (Мазмұндама)

Амплуа: Әмбебап

Жасы: 34

Қызметі: «Qazaqstan» ұлттық арнасының режиссері

Асқар Мұхтаровты көпшілікке таныстырудың қажеті де жоқ шығар. Футбол әлеміндегі журналистер онсыз да жақсы таниды. Тек осы маусымдағы статистикасын айтып өтелік. «Мазмұндама» сапында төрт гол соғып, төрт ассистің авторы атанған. Көпшіліктің айтуынша, Асқарға «В» лигасы тарлық етіп жатқан сияқты.

4. Кирилл ПЯРТЕЛЬ (Мазмұндама)

Амплуа: қақпашы

Жасы: 39

Қызметі: ҚР Конькимен жүгіру федерациясының Баспасөз хатшысы

Біздің рейтингіміздегі ең егде ойыншы. Өткен маусымда ойынын көргендер жақсы біледі, талай рет көрерменді тамаша сейвтерімен тамсандырып, қарсыластарын сан соқтырған. Алайда, биыл белгілі себептерге байланысты «Мазмұндамада» «жұмыссыз» қалды.

3. Сәкен ӘБДЕШОВ (Спорт 59)

Амплуа: Қорғаушы

Жасы: 29

Қызметі: «Қазконтент» АҚ PR менеджері

«Спорт 59»-дың қорғанысын ұстап тұрған кім? Сәкен Әбдешов. Нәтижелі пастар шығарып жүрген кім? Сәкен Әбдешов. Голдарын соғып жүрген кім? Тағы да сол Сәкен Әбдешов. Шыны керек, Сәкен келіп, биыл «Спорт 59»-да Ербол Кенжебаев пен Олжас Күлтешовтің рөлдері аса маңызды болмай қалды. Бәлкім, содан шығар, команда капитаны Бек Төлеу екі мықтысын еш ұстамастан «Хабарға» жіберіп жатқаны…

2. Нұрәлем ЖАЛҒАСҰЛЫ (National Geographic Qazaqstan)

Амплуа: шабуылшы

Жасы: 24

Қызметі: National Geographic Qazaqstan журналы Маркетинг бөлімінің қызметкері

Кез келген нүктеден оң аяқпен де, сол аяқпен де допты қақпаға қақырата тебе алатын Нұрәлем Жалғасұлы дәл қазір 9 голмен «В» лигасында сұрмергендер көшін бастап келеді. «А» лигасының командаларына қарсы да қалай ойнай алатынын Кубоктық кездесуде «Хабар 24» қақпасына соққан голынан кейін көз жеткіздік. Шыны керек, «А» лигасында да дәл қазіргі қарқынынан айрылмайтын ойыншы.

1. Қанат БАЗЫЛХАН (Мазмұндама)

Амплуа: Қақпашы

Жасы: 35

Қызметі: «Хабар 24» телеарнасының редакторы

Қанат Базылхан сынды қақпашысы бар «Мазмұндаманың» бағы зор ғой. Әйтпесе, голкиперге «Ел арна» да, «Қазмедиа А» мен «Егемен Қазақстан» да қызығып жүр. БАҚ лиганың екі дүркін үздік қақпашысы да атанған. Журналистер турнирінің төресі Бердіқұлов додасын бір емес, бірнеше рет жеңіп алған. Тек БАҚ лигада ғана командасымен жүлделі орындардан көріне алмай келеді.

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here