В лигасы. Төртінші турдың таңдаулы құрамы түзілді

0
504
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Бекхан САЛЫҚОВ (Kazaknews.kz)

Оң жағынан да соққы жасап көрді, сол қапталдан да доптар ұшты, бірақ «Қазмедиа В» шабуылшылары «Kazaknews.kz» қақпасынан иненің тесігіндей де саңылау таппады. Барлық соққыны голкипер Бекхан Салықов қайтарып жатты.

Қорғаушылар – Абылай ЫБЫРАЙҰЛЫ (№1 Sportchannel) мен Виктор КИРИЛЮК (Мазмұндама)

Шыны керек, ешкім «№1 Sportchannel» командасынан ерлік күткен жоқ. «Мазмұндамадан» ойсырай ұтылады дегендер көп болды. Алайда, фавориттердің барлық шабуылдары Абылай Ыбырайұлынан аспай қалып жатты.

«Мазмұндаманың» оң қапталдағы қорғаушысы Виктор Кирилюк болмағанда команда «№1 Sportchannel»-ден жеңіліп те қалуы мүмкін еді. Алайда, қорғаныспен қатар шабуылға да сәтті араласқан комментатор дубль жасап, «Мазмұндамаға» маңызды ұпайды алып берді.

Жартылай қорғаушы – Руслан ТӘУІРШЕ (Спорт 59)

«Спорт 59» бен «Aiqyn-Литер» арасындағы кәдімгі «атыс» болды. Ешкім бір-бірін аяған жоқ. Ал Руслан Тәуіршенің үш «оғы» нысанаға дөп тиіп, командасына жеңіс сыйлады.

Шабуылшылар – Маханбет ӘНУАРБЕКҰЛЫ (National Geographic Qazaqstan) мен Ерден ҚҰСПАНОВ (Еуразия+ОРТ)

Турдағы ең ірі есеп «National Geographic Qazaqstan» мен «Qsport.kz» арасындағы ойында тіркелді. Ал Маханбет Әнуарбекұлы алғашқы голдан бастап, покер авторы атанды. Әріптестеріне ассистік қызмет жасауда да сараңдық танытқан жоқ. Ақырын бабын тауып келеді.

Ерден Құспановтың хет-тригі турнир кестесінде жеңіліссіз келе жатқан «Қаламгерді» тоқтатып, өз командасына жеңіс сыйлады.

Резерв:

Қақпашы – Данияр ХАМЗИН (Қазмедиа В).

Қорғаушылар – Елбол КАРИМОВ (Aiqyn-Литер), Сәкен ӘБДЕШОВ (Спорт 59).

Жартылай қорғаушы – Болатхан СЕРІК (National Geographic Qazaqstan).

Шабуылшылар – Мағжан ЖҰМАБАЕВ (№1 Sportchannel), Нұрәлем ЖАЛҒАСҰЛЫ (National Geographic Qazaqstan).

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here