Қақпашы – Берік ШӘПЕТОВ (Егемен Қазақстан)
Құрамында Ержан Жүніс, Дәурен Жолдасов, Ибраһим Еренғайып сынды «сен тұр, мен атайын» дейтін шабуылшылары бар «Qazaq radiolary»-на қарсы тұру оңай емес. Шыны керек, көпшілік бұл ойында «Егемен Қазақстан» ірі есеппен ойсырай ұтылады деп күткен. Алайда, қақпашысы Берік Шәпетовтің жанкешті әрекеттерінің арқасында фавориттермен тең ойнады.
Қорғаушылар – Александр ОЛЕЙНИК (Астана ТВ) пен Еркебұлан АЛДАБЕРГЕН (Егемен Қазақстан)
Әлбетте, «Хабар 24» – «Астана ТВ» кездесуінде үздік ойыншы атағы покер жасаған Сергей Надточейге бұйырды. Дегенмен, қорғаныстағы ойыншылардың да еңбектерін ескермеуге болмайды. Әсіресе «хабарлықтар» Александр Олейниктен аса алмай пұшайман болды.
«Qazaq radiolary» командасын жеңістен айырған Еркебұлан Алдаберген. Оның хет-тригі матч тағдырын шешіп, өзге командаларды «Егемен Қазақстанмен» санасуға шақырды.
Жартылай қорғаушы – Сергей НАДТОЧЕЙ (Астана ТВ)
Кейде, шыны керек, «Астана ТВ» – пәленше командасы деп емес, Сергей Надточей – пәленше командасы деп жазғың келеді. Расымен де, оператордың әр соққысы зеңбіректің оғындай ұшып, кез келген қақпаны тесіп өтетіндей әсер қалдырады. «Хабар 24» қақпасына покер жасап, командасына жеңіс әперді.
Шабуылшылар – Абдулла ТӨКЕНОВ (Ел арна) пен Бақытжан МАСАҚОВ
Шабуыл шебіне «Ел арнаның» қос сұрмергені Абдулла Төкенов пен Бақытжан Масақов жайғасты. «Хабар» агенттінің дербиінде пентакампеондар қақпасына екеулеп жүріп бес гол соққан бұл екі ойыншының еңбегі өте зор.
Резерв:
Қақпашы – Жасын БІРКЕНОВ (Ел арна),
Қорғаушылар – Бимухамед БУКЕЕВ (Ел арна), Еркін БЕКТЕНОВ (Астана ТВ).
Жартылай қорғаушы – Дәурен ЖОЛДАСОВ (Qazaq radiolary).
Шабуылшылар – Азамат ЖАНДАРБЕКОВ (Егемен Қазақстан), Әлішер КЕЛГЕНБАЙ (Хабар).
BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:
«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.