В лигасы үшінші турының таңдаулы құрамы жасалды

0
311
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Мансұр СЫЗДЫҚОВ (Қазмедиа В)

Таблода 5:1 есебі тіркелгенімен «Қазмедиа В» командасына жеңіс оңай келді деп айта алмайсың. Жасқанат Аманжолов, Ербол Жанат бастаған «Еуразия+ОРТ» шабуылшылары Мансұр Сыздықов қорғаған қақпаны бірнеше рет нысанаға алып көрді. Бірақ, голкипер сыр берген жоқ.

Қорғаушылар – Ермек ТӨРЕНИЯЗОВ (National Geographic Qazaqstan), Виктор КИРИЛЮК (Мазмұндама)

Ұзақ демалыстан кейін енді ғана өзіне келе бастаған Ермек Төрениязов National «Geographic Qazaqstan» сапындағы өзінің екінші голын соқты. Қорғаныста да керемет ойнап, әшейінде 4-5 голдан ойланбай соғатын «Kazaknews.kz» командасының Әбдіманап Кеңес, Наурызбек Лесов сынды шабуылшыларын жіпсіз байлап тастады.

Ол қорғаушы емес, бірақ, біріншіліктің басты фавориті «Спорт 59»-ға кездесуде Виктор Кирилюк көбіне қорғанысқа көмектесуге мәжбүр болды және бұл міндетін абыроймен атқарып шықты.

Жартылай қорғаушы – Ержан ӘМІРХАНОВ (Қаламгер)

«№1 Sportchannel» командасына қарсы ойында Ержан Әмірханов бір гол соғып, 4 рет ассист жасады. Міне, нағыз плеймейкер осындай болуы керек.

Шабуылшылар – Ермұхамед МӘУЛЕН (Qsport.kz) мен Қуаныш САПАРБАЕВ (Aiqyn-Литер)

Арсен Венгерден «тәлім алып», Златан Ибрагимовичпен бірге суретке түскен, Подольскиден сұхбат алып, Месут Өзілмен амандасқан Ермұхамед Мәулен жексенбі күні «Aiqyn-Литер» қақпасына хет-трик жасап, қарсыластарын жермен-жексен етті.

«Aiqyn-Литер» капитаны Қуаныш Сапарбаевтың көсілген матчы осы еді. «Qsport.kz» қақпасына дубль жасады. Әріптестерін алға жетеледі. Бірақ, «жалғыздың аты шықпастың» кебін киді.

Резерв:

Қақпашы – Әнуар ҚҰРМАНБАЕВ  (National Geographic Qazaqstan).

Қорғаушылар – Аян ҚАЙЫРБАЕВ (Спорт 59), Эльдар ҚУАНЫШ (Qsport.kz)

Жартылай қорғаушы – Тұрлыжан ӘЙТЕНОВ (Қаламгер).

Шабуылшылар – Батырбек ҚАЗБЕК (Қазмедиа В), Нүркен ТОҚМУРЗИН (Қаламгер).

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here