”В” лигасы екінші тур ойындарының таңдаулы құрамы жасалды

0
355
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Арман АҚШАБАЕВ (Қаламгер)

Маусымаралық үзілісте «Қаламгер» қақпашыны ұзақ іздеді. Ақыры «Хабар 24» телеарнасының операторы Арман Ақшабаевқа сенім артқан. Сол Арман «Қаламгер» армандаған ұпайларды алып беріп жатыр. Біріншіліктің басты фавориті «National Geographic Qazaqstan» командасына қарсы өткен ойында голкипер өз иелігіне бірде-бір гол жіберген жоқ.

Қорғаушылар – Айдын ҚОЖАХМЕТ (Мазмұндама) пен Тимур АЙТМҰХАМБЕТОВ (Қаламгер)

Залдың ойыншылары болады және даланың ойыншылары деген бар. «Мазмұндама» қорғаушысы Айдын Қожахмет жасыл алаңда өзін «суда жүзген балықтай» сезінеді екен. «Қазмедиа В» командасына қарсы кездесуде 8-ші нөмірлі капитан қарсыластарының шабуылшыларына еш мүмкіндік берген жоқ.

Дәл осындай мінездемені Тимур Айтмұхамбетовке де беруге болады. Алпамсадай денесі бар «Қаламгер» қорғаушысы биылғы маусымды керемет өткізіп жүр. Өзі қызық. Бір шабуылшыны таңдап алады да, аяғын тұсаулап тастайды. Бұл жолы Тимур Нұрәлем Жалғасұлын тырп еткізген жоқ.

Жартылай қорғаушы – Құдайберген МАХАНБЕТӘЛІ (Спорт 59)

Көз алдыңа хорват Лука Модричті елестетін Құдайберген Маханбетәлі «№1 Sportchannel» командасына қарсы ойында командасының нағыз диспетчері бола білді. Дубль жасап, әріптестерін де нәтижелі пастарымен қуантты.

Шабуылшылар – Рахат ТҰЯҚБАЕВ (Aiqyn-Литер) пен Наурызбек ЛЕСОВ (Kazaknews.kz)

Қайран, зая кеткен 5 гол-ай. Маусымдағы алғашқы пентатриктің авторы атанған Рахат Тұяқбаев сұрмергендер тізімінде бірден көш бастағанымен «Kazaknews.kz»-ке қарсы ойында командасына жеңіс сыйлай алған жоқ.

Есесіне дәл осы ойында Наурызбек Лесовтың покері «Aiqyn-Литер» командасын сазға отырғызды. Сондай-ақ, әріптестерін әдемі пастармен қуантып, дриблингтерімен қарсылас қорғаушыларын қапы қалдырып жатты.

Резерв:

Қақпашы – Қанат БАЗЫЛХАН (Мазмұндама).

Қорғаушылар – Ербол КЕНЖЕБАЕВ (Спорт 59), Эльдар ҚУАНЫШ (Qsport.kz).

Жартылай қорғаушы – Тұрлыжан ӘЙТЕНОВ (Қаламгер).

Шабуылшылар – Асқар МҰХТАРОВ (Мазмұндама), Шамкен БАЙЫРБЕК (Спорт 59).

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here