«В» лигасының трансферлік терезесі 22 шілдеде ашылып, шілденің 26-сы кешкі сағат 18:00-де жабылады. Яғни, 4-ші тур мен 5-ші тур аралығында «В» лигасының командалары өз құрамдарына өзгерістер енгізіп, жаңа ойыншылар қоса алады. Трансфер кезінде «А» лигасының командаларынан ойыншылар алуға болады, бірақ ол жаққа ойыншы беруге болмайды.
Ал «А» лигасының трансферлік терезесі 29 шілдеде ашылып, тамыздың 2-сі кешкі сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Яғни, 6-шы тур мен 7-ші тур аралығында «А» лигасының командалары өз құрамдарына өзгерістер енгізіп, жаңа ойыншылар қосуға мүмкіндік алады.
BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:
«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.