Тәртіптік-бақылау комитеті: Жеті қызыл қағаздың “тағдыры” шешілді

0
440
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

2-тур

№7

Ел арна – Хабар 24

БАҚ лига Регламентіне сәйкес матч хаттамасын дұрыс толтырмағаны үшін «Хабар 24» командасына 7 АЕК (17 675 тг) көлемінде айыппұл салынды.

Шешім 2019 жылдың 16 шілдесінен бастап күшіне енеді. Айыппұл 26 шілдеге дейін төленуі тиіс.

№8

Хабар – Қазмедиа А

А) БАҚ лига Регламентіне сәйкес матч хаттамасын дұрыс толтырмағаны үшін «Қазмедиа А» командасына 7 АЕК (17 675 тг) көлемінде айыппұл салынды.

Шешім 2019 жылдың 16 шілдесінен бастап күшіне енеді. Айыппұл 26 шілдеге дейін төленуі тиіс.

В) Матч барысында Ұйымдастыру комитетінің мүлкіне зиян келтіргені үшін Тәртіптік-бақылау комитетінің шешімімен «Қазмедиа А» командасының ойыншысы Азамат Бертисовке (№7) 5 АЕК көлемінде (12 625 тг) айыппұл салу туралы шешім қабылданды.

Шешім 2019 жылдың 16 шілдесінен бастап күшіне енеді. Айыппұл 26 шілдеге дейін төленуі тиіс.

3-тур

№9

Хабар – Хабар 24

А) Матч барысында екі сары қағаз алып, алаңнан қуылған «Хабар 24» командасының ойыншысы Аслан Мыңбаев (№6) БАҚ лига біріншілігі аясындағы келесі 1 (бір) ойыннан аластатылды.

Шешім 2019 жылдың 16 шілдесінен бастап күшіне енеді.

В) Матч барысында допқа ойнауға мүмкіндігі бола тұра қарсыласын ережеге сай келмейтін әрекетпен тоқтатқаны үшін бірден қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған «Хабар» командасының ойыншысы Айбек Қабылша (№1) БАҚ лига біріншілігі аясындағы келесі 2 (екі) ойыннан аластатылды.

Шешім 2019 жылдың 16 шілдесінен бастап күшіне енеді.

С) Матч барысында ережеге сай келмейтін әрекетпен қарсыласын гол соғу мүмкіндігінен айырып, бірден қызыл қағаз алған «Хабар» командасының ойыншысы Нұрсұлтан Қабылбек (№10) БАҚ лига біріншілігі аясындағы келесі 1 (бір) ойыннан және Ұйымдастыру комитетінің мүшесіне бейәдеп сөздер айтқаны үшін БАҚ лига біріншілігі мен кубогы аясындағы келесі тағы 5 (бес) ойыннан аластатылып, 5 АЕК (12 625 тг) көлемінде айыппұл салынды. Барлығы 6 (алты) матчтық дисквалификацияның 3 (үш) ойыны іс жүзінде, үшеуі шартты сынақ түрде өтеледі. Егер сынақ мерзімінде тағы бір тәртіп бұзушылық тіркелсе, ойыншы 6 (алты) айға алаңнан шеттетіледі.

Шешім 2019 жылдың 16 шілдесінен бастап күшіне енеді. Айыппұл 26 шілдеге дейін төленуі тиіс.

№10

А) Матч барысында екі сары қағаз алып, алаңнан қуылған «Қазмедиа А» командасының ойыншысы Ершат Қожатаев (№11) БАҚ лига біріншілігі аясындағы келесі 1 (бір) ойыннан аластатылды.

Шешім 2019 жылдың 16 шілдесінен бастап күшіне енеді.

В) Матч барысында бірден қағаз алып, алаңнан қуылған «Qazaq radiolary» командасының ойыншысы Назар Найзабеков (№77) БАҚ лига біріншілігі аясындағы келесі 1 (бір) ойыннан аластатылды.

Шешім 2019 жылдың 16 шілдесінен бастап күшіне енеді.

С) Матч барысында екі сары қағаз алып, алаңнан қуылған «Қазмедиа А» командасының ойыншысы Азамат Бертисов (№7) БАҚ лига біріншілігі аясындағы келесі 1 (бір) ойыннан аластатылды.

Шешім 2019 жылдың 16 шілдесінен бастап күшіне енеді.

D) Матч барысында төреші тарапына агрессиялық түрде бейәдеп сөздер айтқаны үшін «Қазмедиа А» командасының ойыншысы Талғат Қайролла БАҚ лига біріншілігі мен кубогы аясындағы келесі 5 (бес) матчтан аластатылып, 5 АЕК (12 625 тг) көлемінде айыппұл салынды.

Шешім 2019 жылдың 16 шілдесінен бастап күшіне енеді. Айыппұл 26 шілдеге дейін төленуі тиіс.

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы“Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені«Halva» кафесі«Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here