Тәртіптік-бақылау комитеті бірнеше команда мен ойыншыға үкім шығарды

0
385
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

№1

№1 Sportchannel – Kazaknews.kz

Ойын формасын ретке келтірмегені үшін №1 Sportchannel командасына қатаң ескерту жасалды. Егер 2-турға дейін формаларын түземесе, командаға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

№2

Астана ТВ – Ел арна

А) Құрамында БАҚ лига Регламентіне сай келмейтін ойыншы алаңға шыққаны үшін «Ел арна» командасына 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2019 жылдың 22 шілдесіне (сол күнді қоса есептегенде) дейін төленуі тиіс. Егер аталмыш мерзімге дейін айыппұл өтелмесе, команданың 3 ұпайы алынады.

В) БАҚ лига Регламентіне сәйкес келмейтіндіктен «Ел арна» командасының ойыншысы Бақыт Темірғалиев (№5) 2019 жылдың жазғы маусымынан аластатылды. Оның ойын нөмірін команданың өзге ойыншысы иелене алады.

С) «Астана ТВ» – «Ел арна» командалары арасындағы ойында жеңімпаз команда 3+ гол айырмашылығымен жеңіске жеткендіктен ойынның нәтижесі сақталады.

№3

Спорт 59 – Қазмедиа В

А) Құрамында БАҚ лига Регламентіне сай келмейтін ойыншылар алаңға шыққаны үшін «Спорт 59» командасына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылып, «Қазмедиа В» командасына 3:0 есебімен техникалық жеңіс жазылды.

В) Құрамында БАҚ лига Регламентіне сай келмейтін ойыншылар алаңға шыққаны үшін «Спорт 59» командасына 7 АЕК көлемінде айыппұл салынды. Айыппұл 2019 жылдың 22 шілдесіне (сол күнді қоса есептегенде) дейін төленуі тиіс. Егер аталмыш мерзімге дейін айыппұл өтелмесе, команданың 3 ұпайы алынады.

С) БАҚ лига Регламентіне сәйкес келмейтіндіктен «Спорт 59» командасының ойыншылары Айтжан Қожамұратов (№4), Ерқанат Ілиясов (№9), Батырбек Жүсіпбай (№20) 2019 жылдың жазғы маусымынан аластатылды. Олардың ойын нөмірін команданың өзге ойыншылары иелене алады.

D) БАҚ лига Регламентіне сәйкес капитандық таспа (повязка) тақпағаны үшін «Спорт 59» командасына қатаң ескерту жасалды. Егер 2-турға дейін формаларын түземесе, командаға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Е) БАҚ лига Регламентіне сәйкес капитандық таспа (повязка) тақпағаны үшін «Қазмедиа В» командасына қатаң ескерту жасалды. Егер 2-турға дейін формаларын түземесе, командаға 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

№4

Qazaq radiolary – Хабар 24

Ойын барысында төрешінің ысқырығынан кейін қарсыласын аяқпен тепкені үшін «Qazaq radiolary» командасының ойыншысы Нұрбол Самат (№21) командасының БАҚ лига біріншілігі аясындағы келесі 2 (екі) ойынынан шеттетіліп, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.  Айыппұл 2019 жылдың 22 шілдесіне (сол күнді қоса есептегенде) дейін төленуі тиіс.

№5

Қазмедиа А – Егемен Қазақстан

БАҚ лига Регламентіне сәйкес капитандық таспа (повязка) тақпағаны үшін «Қазмедиа А» командасына қатаң ескерту жасалды. Егер 2-турға дейін формаларын түземесе, командаға 7 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

№6

БАҚ лига Регламентіне сәйкес жазғы маусымға қатысу жарнасын төлемегендері үшін «Qazaq radiolary», «Астана ТВ», «Қазмедиа А», «Хабар», «Хабар 24», «№1 Sportchannel», «Kazaknews.kz», «National Geographic Qazaqstan», «Еуразия+ОРТ», «Қазмедиа В», «Қаламгер», «Мазмұндама», «Спорт 59» командаларына қатаң ескерту жасалды. Аталмыш командаларға жарнаның 50 пайызын БАҚ лиганың 4-турына дейін, қалған 50 пайызын 7-турына дейін өтеу міндеттелді. Егер 4-турға дейін жарнаның кем дегенде 50 пайызы төленбеген болса, онда қарыздарын өтегенше команданың турнир кестесіндегі 3 ұпайы шегеріледі.

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here