В лигасы. Бірінші турдың таңдаулы құрамы жасалды

0
514
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Қақпашы – Қанат БАЗЫЛХАН (Мазмұндама)

Жарақатына байланысты жарты жыл футболдан қол үзуге мәжбүр болған Қанат Базылхан әбден ашығып қалыпты. Әрбір допқа аш бөрідей атылған Қанат «Аiqyn+Литерге» қарсы ойында рефлекспен-ақ матчты алып шықты. Адам сенгісіз сейвтер жасап, көрерменнің қошеметіне бөленді де, өзінің әлі де №1 қақпашы екенін дәлелдеді.

Қорғаушылар – Аян ҚАЙЫРБАЕВ (Спорт 59) пен Тимур АЙТМҰХАМБЕТОВ (Қаламгер)

Әу баста қосалқы құрамда отырып, «артықтар» алаңнан кеткеннен кейін ойынға қосылған Аян Қайырбаев қорғаныста ғана тамаша ойнап қоймай, шабуыл шебіндегі әріптестерінің де міндетін міндетсінбей атқарып, «Қазмедиа В» қақпасына дубль жасады.

Құрамы қарымды «Qsport.kz» командасын 5:2 есебімен жеңіп, кішігірім сенсация жасаған «Қаламгердің» басты күші бұл кездесуде қорғаныс шебі болғаны жасырын емес. Әсіресе Тимур Айтмұхамбетов ерледі. Еңсегей бойлы Тимур бойы өзімен шамалас Ермұхамед Мәуленді «кісендеп» тастап, қазақтың Златанына бірде-бір гол соқтырмады.

Жартылай қорғаушы – Талғат ҚАЙЫРГЕЛДИН (National Geographic Qazaqstan)

Әттең, Талғат Қайыргелдиннің «Еуразия+ОРТ»-ге қарсы ойынын команда капитаны Арай Ізбай көрмей қалды, әйтпесе, әрдайым негізгі құрамда алаңға шығарып, ауыстырмастан ойнатар еді. Алаң ортасында толығымен өз иелігін жүргізген жартылай қорғаушы шабуылда да ширақтық танытып, дубль жасады.

Шабуылшылар – Нұрәлем ЖАЛҒАСҰЛЫ (National Geographic Qazaqstan) мен Әбдіманап КЕҢЕС (Kazaknews.kz)

Өткен маусымның басты ашылуларының бірі болған Нұрәлем Жалғасұлы биыл да біріншілікті тамаша бастап, бірінші кездесуінде-ақ хет-трик жасады. Егер осы қарқынынан таймаса, маусым соңында басты сұрмерген атағын да алып кетуі ғажап емес.

Тағы бір хет-трикті бірінші турда Әбдіманап Кеңес жасады. «№1 Sportchannel» командасына қарсы кездесуде бірінші таймда қарсыласының қақпасын жай ғана торуылдаумен болған «Kazaknews.kz» шабуылшысы үзілістен кейін үш гол соғып, комментаторлар командасының еңсесін басып тастады.

Резерв:

Қақпашы – Бекхан САЛЫҚОВ (Kazaknews.kz),

Қорғаушылар – Айдын ҚОЖАХМЕТ (Мазмұндама), Ермек КЕНШІМБЕК (Қаламгер),

Жартылай қорғаушы – Олжас КҮЛТЕШОВ (Спорт 59),

Шабуылшылар – Наурызбек ЛЕСОВ (Kazaknews.kz), Еламан ӘМІРҒАЗЫ (Qsport.kz).

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here