”В” лигасы. 3 жолдама, 10 команда

0
470
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

«В» лигасының Регламенті бойынша 10 команда алдымен өзара бір айналым өткізіп, үздік шыққан алтауы келесі кезеңге өтеді де, «А» лигасының үш жолдамасына таласады. Сондықтан, командалардың қателесуге құқықтары жоқ. Әр ойында үш ұпай үшін арпалыс жүріп жатыр.

Маусымның тұсаукесер турында алдымен алаңға «National Geographic Qazaqstan» мен «Еуразия+ОРТ» командалары шықты. БАҚ лигаға өткен маусымда қосылған «табиғат жыршылары» үшін биыл «А» лигаға өтудің екінші мүмкіндігі. Былтыр 5-орынмен шектелген. Әйтсе де, бұл жолы үздіктер қатарынан көрінуді көздейтін секілді. Ә дегеннен-ақ «Еуразия+ОРТ» командасын 7:1 есебімен ойсырата жеңді.

Дебютанттар дербиінде «Kazaknews.kz» сайтының жігіттері негізінен спорт журналистерінен құралған «№1 Sportchannel» командасының қақпасына жауапсыз 4 гол соқты. Дегенмен, Доған Йылдыз бастаған командаға жеңіс оңай келді деп айта алмаймыз. Бірінші таймда комментаторлар командасы тегеурінді қарсылық көрсетіп бақты. Гол соғатын мүмкіндіктері де болды. Өкініштеріне қарай, тепкен доптары қиыс ұшып жатты. Ал өз кезегінде «Kazaknews.kz» қателікті кешірген жоқ. Үзілістен кейін Кеңес Әбдіманап хет-трик жасап, Наурызбек Лесов бір гол соқты да, таблодағы көрсеткішті 4:0-ге жеткізді.

«Қаламгердің» қауырсыны қатайыпты. Үшінші маусым БАҚ лигаға қатысқан команда екі біріншілік бойы бір құраммен ойнап келеді. Сондықтан шығар, қарсыластары «Qsport.kz»-ке қарағанда жинақылау көрінді. Жүйе бар, сәйкесінше ойындары да түлеп келеді. Кездесудің бесінші минутында-ақ әккі шабуылшы Тұрлыжан Әйтенов гол соғып, артынша Ермек Кеншімбек есепті еселеген. Үзілістен кейін «Шалқар» радиосының жүргізушісі Еламан Әмірғазы мен «Qsport.kz» сайтының бас редакторы Жандос Қоныспаев таразы басын теңестіргенімен қарқынын қайта күшейткен «Қаламгер» Нұркен Тоқмурзин, Ержан Әмірханов және Кеншімбектің дублі арқасында ойынды 5:2-мен аяқтады.

«Мазмұндама» мен «Aiqyn+Литер» де мазмұнды, мәнді ойын көрсетіп, көрермендердің қошеметіне ие болды. Дебютанттар да мықты екен, жарты жыл футболдан қол үзіп, әбден шөлдеп қалған «Мазмұндама» қақпашысы Қанат Базылханды әбден шаршатты. Ол да қайтпайды екен, әр допқа баяғы Оливер Кан сияқты атылып, қақпасына доп дарытқан жоқ. Ал екінші таймда газет тілшілері аздап шаршап қалды да, алдымен Елбол Каримов Айдын Қожахметтің бұрыштамадан асырған добынан кейін өз қақпасына гол соғып алды да, көп ұзамай, капитан Қожахметтің өзі айып соққысын тамаша орындап, есепті 2:0-ге жеткізді.

Маусымға ең соңында қосылған «Спорт 59» бен «Қазмедиа В» арасындағы кездесу де қызықты өтіп, командалар бір-біріне лайықты қарсылас екендіктерін дәлелдеді. Аян Қайырбаевтың үзіліске дейін соққан голынан кейін екінші таймда Айдос Атагельдиев таразы басын теңестірген. Бірақ, Қайырбаевтың екінші голына қарсы «қазмедиалықтардың» айтар уәжі қалмады.

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here