17 команда. Бұл дегеніміз, 30-дан астам редакция мен 300-ден астам Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін құрайды деген сөз. Енді апта сайын «Тарлан-Арена» стадионында қалам мен қағазын және микрофон мен камерасын футбол формасына алмастырып, ала жаздай доп қуалайды.
«BAQ league» – Қазақстан журналистикасының тарихындағы тұңғыш және жалғыз толыққанды футбол біріншілігі. Бұл жоба журналистер арасындағы ынтымақтастық пен достықты арттырып, жаңа таныстар табуға жол ашып, редакция ішіндегі татулықты күшейтеді. «BAQ league» брендімен БАҚ өкілдері арасындағы шағын футбол біріншіліктері Нұр-Сұлтан қаласынан бөлек, Алматы және Ақтау сынды қалаларда да ұйымдастырылды. Ал елордамызда өтетін «BAQ league» біріншілігіне апта сайын Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шымкент қалаларының да журналистері келіп қатысады. Бұл Лиганың қарқынды дамып жатқанын және журналистер қауымы арасында маңызының артқандығының белгісі. Бүгінде «BAQ league» әр маусым сайын 30-дан аса БАҚ редакциялары мен 300-ден астам журналистің басын біріктіретін елеулі жобаға айналды.
«Тарлан-Арена» стадионында маусымның ашылу салтанаты өтіп, «Егемен Қазақстан» газеті АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі алтыншы маусымның байрағын көтерді.
– Ел газеті «Егемен Қазақстанның» 100 жылдық жылнамасы ғана емес, кезінде қазақтың тұңғыш футбол командасы Мұхтар Әуезовтер осы газетке басшылық еткен. Яғни, «Егемен Қазақстан» ешқашан спорттан алыс болған емес. Сондықтан, журналистер арасындағы БАҚ лиганың алтыншы маусымына қолдау білдіріп отырмыз. Біздің эстафетамызды келесі жолы өз мерейтойын атап өтетін басқа да ақпарат агенттіктері іліп алып кетеді деп үміттенеміз, – деді Дархан Қуандықұлы.
Айта кетейік, 2018 жылдан бері Журналистер біріншілігі екі Лигаға бөлінген. Биыл «А» лигасында 7 команда, «В» лигасында 10 ұжым. «А» лигасының командалары өзара жүлделі орындарды сарапқа салса, «В» лигасында әріптестер «А» лигасының жолдамаларына таласады. Сонымен қатар, біріншілікпен қатар бұл маусымда Журналистер кубогы да өтеді. Маусым 1 қыркүйекке дейін жалғасады.
BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:
«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.