БАҚ лиганың жаңа маусымында 17 команда

0
367
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Естеріңізге сала кетейік, журналистер арасында өтетін биылғы жазғы аламан «Egemen Qazaqstan» газетінің жүз жылдығына арналады. Жаз бойы «А» лигасының 7 командасы жүлделі орындарды өзара сарапқа салса, «В» лигасының 10 командасы жоғары топтың жолдамаларына талас жүргізеді. Екінші кезеңді командалар 0 ұпаймен бастайды.

Кеше «Egemen Qazaqstan» газетінің бас ғимаратында маусымның жеребе тарту рәсімі өтіп, бірінші тур мен Журналистер кубогының жеребесі тартылды.

«А» лигасының командалары өзара екі айналымнан өткізсе, «В» лигасында 10 команда бір айналым өткізіп, одан кейін ұпайы жоғары алты команда финалдық кезеңнің командаларын құрап, «А» лигасының жолдамаларын сарапқа салады. Ал Журналистер кубогында  қос Лиганың да командалары бір-бірімен кездесе береді.

Біріншіліктің ойындары әр сенбі және жексенбі күндері өтеді. Ашылу салтанаты 7 шілдеде сағат 16:00-де елордадағы «Тарлан Арена» стадионында басталады.

1-тур (07.07.2019 ж.)

14:00. NGQ – Еуразия+ОРТ

14:50. №1 Sportchannel – Kazaknews

16:00. АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

16:20. Астана ТВ – Ел арна

17:10. Қаламгер – Qsport

18:00. Мазмұндама – Aiqyn+Литер

18:50. Спорт 59 – Қазмедиа В

19:40. Qazaq radiolary – Хабар 24

20:30. Қазмедиа А – Егемен Қазақстан

BAQ league алтыншы маусымының серіктестері:

«Egemen Qazaqstan» газеті, Астана футбол федерациясы, Қазақстан футбол федерациясы, “Астана” футбол клубы, “Life football” спорттық дүкені, «Halva» кафесі, «Spectrum» халықаралық мектебі.

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here