ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев және «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы Алан Әжібаев мырзалардың қолдауымен, сондай-ақ, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаевтың идеясымен жүзеге асып, қазақ және орыс тілдерінде жеке-жеке түсірілген деректі фильмнің әрқайсысы 30 минуттан. Қазақ тіліндегісі «БАҚ лига – Журналистердің футбол әлемі» деп аталады. Онда Журналистер лигасының тарихынан бастап алдағы жоспарларына дейін толық баяндалып, «Егемен Қазақстан» газеті» АҚ төрағасы Дархан Қыдырәлі, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Мирас Мұқаш, «Қазақ радиолары» ЖШС-нің экс-директоры Құрманбек Жұмағали өз пікірлерін ортаға салған. Сондай-ақ, БАҚ лигада доп теуіп жүрген әріптестерімізден Амангелді Сейітхан, Ғалым Қожабек, Дәурен Берікқажы, Ермек Төрениязов, Ержан Жүніс, Мұхамедәлі Болатұлы, Айбек Қабылша, Марғұлан Ибраев, Арай Ізбай, Талғат Қайыргелдин, Еркін Шәкір, Жасын Біркенов, Бекнұр Нұрмағанбет, Әлішер Өмірзақ, Нұрсұлтан Құрман пікір білдірген.
Ал «БАК лига – Футбольная жизнь журналистов» деп аталатын орыс тіліндегі деректі фильмде қазақ футболының ардагері Сейілдә Байшақов, «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ринат Кертаев және журналистер додасында доп теуіп жүрген жампоздардан Әділет Құсайынов, Александр Олейник, Айдын Қожахмет, Хасан Ташенов, Кирилл Пяртель, Асқар Мұхтаров, Қанат Такиров, Марат Тукатов, Ержан Әмірханов, Тимур Айтмұхамбетов, Нұрсұлтан Құрман және Дания Абдилованың пікірлері бар.
«Хабар» арнасының алдын ала бекітілген бағдарламалар кестесінде деректі фильмнің уақыты 28 маусым күні сағат 15:30, 29 маусым күні 14:45 және 23:30 деп тұр (өзгерістер болуы мүмкін).