БАҚ лига журналистері футбол ардагерлерімен жолдастық кездесу өткізді

0
505
Want create site? Find Free WordPress Themes and plugins.

Бұл Қазақстан футбол федерациясы және Coca-Cola компаниясының мұрындық болуымен ұйымдастырылған БАҚ лига журналистері мен ардагерлер арасындағы екінші жолдастық матч. Өткен жылы тілшілер қауымы ардагерлерге еш мүмкіндік бермей, 4:1 есебімен ойсырата жеңген болатын. Алайда, биыл журналистер командасының құрамы өзгеріп, былтыр алаңға шықпаған ойыншылар доп тепті. Ал ардагерлер өткен жылғы жеңілістен кейін құрамды біршама күшейтіп, Қазақстан ұлттық құрамасының экс-қорғаушысы Айдар Күмісбековті көмекке шақырыпты. Сондай-ақ, ардагерлер командасының біршама «жасарғаны» да байқалды. Дегенмен, ойын тартысты өтіп, қос тарап та бар шеберліктерін көрсетті. Бірінші таймда БАҚ лига командасының қақпасын «Хабар» командасының кипері Айбек Қабылша қорғап, біршама сейвтер жасаса, үзілістен кейін «Qazaq radiolary» командасының тасқамал қақпашысы Мұхтар Тұртаевқа жасындай жарқылдауға тура келді. Алғы шепте жігіттер аянып қалған жоқ. Бірақ, өкінішке қарай, Ермұхамед Мәулен, Қанат Такиров және Әзиз Жұмаділдің ұмтылыстары еш нәтиже берген жоқ. Ал Ержан Жүністің қақырата тепкен соққысы қорғаушының арқасына тиіп, кері серпілді. Өз кезегінде ардагерлер мүмкіндіктерін мүлт жібермей, қос таймда бір-бір голдан соқты. Дубль авторы – Олжас Нұрғалиев.

Айта кетейік, жолдастық кездесудің алдында «Былғары доп» республикалық турнирінің финалдық матчы өтіп, пенальти сериясы бойынша Тараздың командасы қостанайлықтарды тізе бүктірді.

БАҚ лига командасы:

Қақпашылар: Айбек Қабылша (Хабар), Мұхтар Тұртаев (Qazaq radiolary)

Қорғаушылар: Алмас Манап (Егемен Қазақстан), Марғұлан Ибраев (Қазмедиа В), Арай Ізбай (National Geographic Qazaqstan), Хасан Ташенов (Хабар 24), Бақытжан Омаров (ДИАП Qazaqstan).

Жартылай қорғаушылар: Қанат Такиров (Қазмедиа А), Мәди Ысқақов (Elorda aqparat), Талғат Қайыргелдин (National Geographic Qazaqstan), Ержан Жүніс (Qazaq radiolary), Мұхамедәлі Болатұлы (Qazaq radiolary), Тұрлыжан Әйтенов (Қаламгер), Әзиз Жұмаділ (Мазмұндама).

Шабуылшылар: Ермұхамед Мәулен (ДИАП Qazaqstan), Бек Төлеу (Спорт 59).

Did you find apk for android? You can find new Free Android Games and apps.

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here