Естеріңізге сала кетейік, БАҚ лига Ұйымдастыру комитеті төрт номинация бойынша үздік атанудан үміткерлерді іріктеп, команда капитандары мен вице-капитандары арасында сауалнама жүргізген болатын. Нәтижесінде «А» лигасында «Elorda aqparat» командасының сұрмергені Бексаттар Саттар «Үздік ойыншы» және «Үздік шабуылшы» номинацияларын жеңіп алған. Сондай-ақ, аталмыш команданың кипері Азамат Нұрматов «Үздік қақпашы» атанса, «Қазмедиа А» ойыншысы Ершат Қожатаев «Үздік қорғаушы» атанды.
Назарларыңызға әр номинация бойынша үздіктердің неше ұпай жинағандары туралы кестені ұсынамыз.
BAQ league бесінші маусымының серіктестері:
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, Астана футбол федерациясы, “Хабар” агенттігі, “QAZSPORT” телеарнасы, “Астана” футбол клубы, “Арасан” суы, “Life football” спорттық дүкені, “Mammas’ Pizza” пиццериясы, “Nexxio pizza” пиццериясы, “Astana Educatiоn” ағылшын тілі орталығы.